-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Алматыда жұмбақ жағдайда көз жұмған 6 жасар қыздың әкесі үндеу жасады

    Баланың нақты неден қайтыс болғаны сот-медициналық сараптаманың нәтижесі бойынша анықталады, деп жазады Sputnik Қазақстан

    Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасында алты жасар қыздың көз жұму фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

    Қызының көз жұмғанын бұрынғы әйелінен естіген

    Трагедияның қалай болғанын баланың әкесі Facebook-тегі парақшасында тарқатып айтты.   

    «Қайғылы оқиға болды, қызым түсініксіз жағдайда қайтыс болды, оны өлтірді деп күдіктеніп отырмын. Менің періштем 6 жаста. Бұл мәтінді жазу маған өте қиын, бірақ қазіргі жағдай осыған мәжбүрлеп отыр!» — деп жазды ер адам.

    Оның айтуынша, ажырасқаннан кейін қызы өзімен бірге қалған, кейде анасының үйіне барып тұрыпты. Бұрынғы әйелі оны соңғы рет 9 мамырда әкетіп, өзінің әкесінің үйіне алып барған. Ал төртінші күні, 12 мамырда телефон арқылы қызы 12-ші қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатқаны жайлы қорқынышты хабар алады.

    Ер адам қызының балалар емес, ересектер ауруханасына жеткізілуі көңіліне күдік ұялатқанын айтады. Ол дереу клиникаға жолға шыққан, дегенмен біраз уақыттан кейін оған қызының қайтыс болғанын хабарлапты.

    Аурухананың қабылдау бөлмесінде отырған бұрынғы әйелі, қайын атасы және тағы басқа бір туысы болған оқиғаны әртүрлі баяндаған. Алдымен олар бала ауладағы мүсіннен құлап түскенін,   кейін ол мүсіннің қызды басып қалғанын айтқан, содан соң ит қауып алды деп шыққан.   

    Еш жерде баланың қаны болмаған

    «Қызымның ішінің төменгі жағында ұзындығы 25 сантиметрге жуық көлденең тілік болды, ол жерден бауыры көрініп тұрды, көптеген жарақат алған, пышақ жарақатына ұқсайды, сондай-ақ сол аяғындағы, жамбасындағы бұлшықеті жұлынған, ол жерден сүйек көрініп тұр. Тобығынан санға дейін кесілген. Мұның бәрін суретке түсіріп алдым, өйткені мүсін құлады деген сөз дереу күмән туғызды. Оның үстіне, ешқандай қан болған жоқ», — деп жазды ол.

    Қан аулада да, мүсінде де, киімде де болмаған.

    Шымкентте емделіп жатқан полицей жұмбақ жағдайда қайтыс болды 

    Ер адам оқиға болған күннен бастап бұрынғы әйелінің туыстары – әкесі мен күйеу баласы қатты қысым жасап жатқанын айтады. Бұрынғы қайын атасы Қазақстанға белгілі бизнесмен, ірі жиһаз салондар желісінің қожайыны екен, ал күйеу баласы еліміздегі күш құрылымдарының бірінің аудандық бөлімшесін басқаратын көрінеді. Қайғыдан қан жұтып отырған әке олар мұны қайғылы жағдай ретінде көрсетуге тырысып бағатындарын жоққа шығармайды.  

    «Іс барынша ашық және объективті түрде қаралуы үшін мүмкіндігінше көп адамға жариялауға барлығыңыздан көмек сұраймын», — деп жазды ол өз үндеуінің соңында.

    Алматы полиция департаментінің түсініктемесі

    «Бұл факт бойынша материалдар Бірыңғай сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркелді. Тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

    Олар сондай-ақ, қыздың нақты неден қайтыс болғаны бірқатар сараптаманың, соның ішінде сот-медициналық сараптаманың нәтижесі бойынша анықталатынын және содан кейін ғана процессуалдық шешім қабылданатынын атап өтті.  

    қатысты посттар

    Дәрігерлер 3 күндік сәбиге ауыр ота жасады

    Алакөлде жағалау опырылып, 17 жастағы қыз қаза тапты

    Фариза

    Елордада мектептен өрт шығып, оқушылар эвакуацияланды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.