-6.1 C
Алматы
Вторник, 26 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Қоғам

    Үлбіде 90 тонна уран отыны сақталатын болды. Қазақстан оған керек орынды тегін бермек

    Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов зауытта сақталатын шикізаттың ядролық қалдық емес екеніне және ол шығыстағы халыққа еш залалы жоқтығына сенімді, деп жазады informburo.kz

    Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жаппай қырып-жоятын ядролық қаруға тыйым салатын тарихтағы алғашқы халықаралық құжатты бекітетін заң жобасын дайындап, оны бүгін Мәжілісте таныстырды.

    Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаевтың айтуынша, жаппай қырып-жою қаруларының соңғы түрі – ядролық қаруға бұрын тыйым салынбаған еен.

    Бұл шарт ядролық қару және ядролық жарылғыш құрылғыны өндіру, сынау, сатып алу, беру, сақтау және өз аумағында орналастыруға тікелей тыйым салады. Дегенмен, ядролық қаруға толықтай тыйым салатын құжат бүгін-ертең толықтай күшіне ене қоймайды. Өйткені, шарт әлем бойынша 50 мемлекет ратификациялағаннан кейін ғана күшіне енеді. Әзірге, құжатты қолдаған мемлекеттердің саны – 23.

    Ал, біздің Парламент Мәжілісі осы шартты ратификациялау туралы заң жобасын бүгін толықтай мақұлдады. Енді Сенат қарап, қабылдаса, Қазақстан шартты бекіткен елдердің қатарына қосылады.

    Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев халықаралық мінберде

    Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев халықаралық мінберде / Сурет informburo.kz

    – Шарттың ережелеріне сәйкес, ядролық қаруды пайдалануға және оны қолдану тұрғысынан қорқытуға тыйым салынған. Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарт 2017 жылғы 20 қыркүйектен бастап, БҰҰ Бас Ассамблеясының 78 сессиясы аясында қол қою үшін ашылды және 50 мемлекет ратификациялағаннан кейін ғана күшіне енеді. Қазіргі уақытта шартқа 70 мемлекет қол қойды, 23 мемлекет ратификациялады. Шарттың күшіне енуі 4-5 жылға созылуы мүмкін, – деді заң жобасын таныстырған Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев.

    Шарт ядролық қарудың қасіретті ізі – Семейдің жайын қозғай ма?

    Бұл халықаралық шартта әрине, адамзат тарихындағы ең ірі ядролық апат аумағы – Семей полигоны мәселесі қаралған. Шарттағы 6-баптың екінші тармағында «мемлекеттер ластанған аудандардың қоршаған ортасын қалпына келтіру үшін қажетті және тиісті шараларды қолданады» деп жазылған. Депутат Омархан Өксікбаев шарт аясында Семей полигонын зардабын кімдер жояды деген мәселені көтерді.»Семей полигоны Кеңес заманында қолданылған және Қазақстанның оған ешқандай қатысы болмады. Ал енді осы полигонды қалыпқа келтіру Қазақстанның міндеті ме, әлде шарт бойынша, апатқа қатысты мемлекеттердің де атсалысуы көзделген бе?»

    Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаевтың жауабынан білгеніміз, Семейдегі залал тигізетін аймақтарға апаратын жолдарға арнайы күзет қойылған.

    – Әрине, бұл – өте күрделі мәселе. Өйткені қоршаған ортаны қалпына келтіру мәселесі ұлттық қауіпсіздік мәселелерімен де ұштасып отыр.Тек қана еліміздің ұлттық қауіпсіздік мәселесі ғана емес, бұл біздің сынақ алаңымызда сынақтар өткізген мемлекетке де тиесілі.

    Сондықтан, біз өткен ширек ғасырдан астам уақыт ішінде Ресеймен де, біздің қарусыздану үрдісі аясында әріптес мемлекет болып отырған АҚШ-пен де Семей сынақ алаңындағы және басқа да алаңдардағы қоршаған ортаны қалпына келтіру және жалпы зардап шеккен адамдарды реабилитациялау шараларына кірісіп отырмыз.

    Атап айтқанда, біз полигондағы қауіпті аймақтарды физикалық қорғау тұрғысынан бекіттік, ол мәселелер шешілді, яғни халыққа залалы тиетін аймақтарға баратын жолдары жоқ. Семей сынақ полигонының аумағы өте үлкен, сондықтан оны аяғына дейін зерттеу мәселесі СІМ-нің де, басқа мемлекеттік органдардың да жұмыс жоспарында бар, – деп жауап берді ол.

    «Сұраққа жауап беріңіз!». Мәжіліс төрағасы вице-министрлерге ескерту жасаудан жалықпайды

    Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин төменгі палатаға баяндама жасауға, қандай да бір тақырып бойынша қосымша сұрақтарға жауап беруге шақырылған шенеуніктерге өте сын көзбен қарайды. Бүгін ол Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовқа ескерту жасады.

    Энергетика вице-министрі Әсет Магауов

    Энергетика вице-министрі Әсет Магауов / Сурет primeminister.kz сайтынан алынды

    Қаралып жатқан «Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасының бір ұшы Энергетика министрлігіне де тиетін болған соң, депутат Сапар Ахметовтің сауалы Мағауовқа бағытталған еді.

    – Өздеріңізге белгілі, 2015 жылдың 27 тамызында Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімге қол қойды. Бұны Қазақстанның жаппай қырып-жою қаруын таратпауға қосқан тарихи үлесі деп білеміз. Осыған байланысты менің сұрағым, осы айтылып отырған төмен байытылған уран банкінің қазіргі кездегі жай-күйі қалай? – деді депутат.

    – Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің төмен байытылған уран банкінің Қазақстанда орналастыру жобасын іске асыру бойынша Энергетика министрлігі мен халықаралық агенттік арасындағы техникалық келісім шеңберінде қабылданған іс-шаралар жоспары қабылданған жоспарға сәйкес жүріп жатыр, – деп қолындағы баяндамасын оқи бастаған Әсет Мағауовты Нығматулин тоқтатты.

    – Баяндама оқымай, сұраққа жауап беріңіз. Баяндаманы министрлікке барып оқисыз, келістік пе? – деді Нығматулин.

    Мәжіліс төрағасының ескертуінен кейін Мағауов «банк жұмысы жоспарға сай жүріп жатқанын» айтып, қысқа қайырды.

    Ескертуден құтылса да, журналистерден құтыла алмады

    2015 жылдан бері айтылып жүрген төмен байытылған уран банкінің қашан ашылып, толық жұмыс істейтіні әрине журналистерге де қызық. Әсіресе, банкте сақталатын уран қалдығының қаншалықты қауіпті екенін білу маңызды.

    – Төмен байытылған уран банкіне қатысты айтар болсақ, біріншіден, ол – ядролық қалдық емес. Бұл – ядролық реакторлардың жұмысына қажетті отынды шығаруға қажетті уранның бөлігі деуге болады. Сондықтан, банкте қандай да бір апат болса, қоршаған ортаға ешқандай зардап әкелмейді, – деп Әсет Мағауов ең маңызды сұраққа осылай жауап берді.

    Ақша МАгАтЭ-ден, тегін орын Қазақстаннан

    МАгАтЭ – атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамытатын халықаралық ұйым, қысқаша айтсақ, атом энергиясының халықаралық агенттігі төмен байытылған уран банкісі жобасы үшін қатысуша елдерден 150 млн доллар ақша жинаған.

    Қазақстан бұл қаржыландыруға қатысқан жоқ. Есесіне, Үлбі металлургия зауытынан сол ядролық отынды сақтайтын банк үшін орынды тегін берген және оны күзетпен қамтамасыз етеді.

    Халықаралық атом энергиясы агенттігінің туы

    Халықаралық атом энергиясы агенттігінің туы / Сурет ашық дереккөздерден алынды

    – Егер әлемде қандай да бір атом станциясы нарықта атом отынын сатып ала алмаса, біздің қызметке жүгінсе болады. Бұл – атом қалдықтары емес, бұл отын шығаратын шикізат деуге болады. Шикізаттың бірінші партиясын қабылдауған Қазақстан дайын тұр.

    МАгАтЭ-мен бірге бірлескен комиссияның сегіз отырысы өтті, олар контейнерлерді сатып алуға және оны қоятын орынға қажетті қаражат бөлді. Тамыз айында біріккен комиссияның тағы бір отырысы өтеді деп жоспарлап отырмыз, сондықтан, банк биыл жұмысын бастайды деген болжам бар, – деді Мәжілісте журналистердің сұрағына жауап берген Әсет Мағауов.

    Белгілі болғандай, МАгАтЭ 2017 жылы ядролық отын сатып алуға тендер жариялаған. Ол тендерға Қазақстан тарапынан «ҚазАтомПром» ұлттық компаниясы қатысып, 42 тонна отын жеткізетін тендерді ұтып алған. Франция тарабы 48 тонна әкеледі. Осы 90 тонна ядролық отын Үлбі металлургия зауытындағы төмен байытылған уран банкінде сақталады деген сөз. Оның қауіпсіздігіне Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясы жауапты болып бекітілген.

    қатысты посттар

    «Мен үшің ең ауыр минуттар…» — Мұхтар Жәкішевтің қызының хаты жұрттың жүрегін елжіретті

    «Алдымызда аға бола білдің сен, Саған лайық іні болу бір арман» Болат Назарбаев ағасына арнап ән шығарды (видео)

    Фариза

    «Біздің сатылып кеткен басшыларымыз…» Парламент мәжілісінің депутаты сөйлеп жатқан кезде микрафоны өшіп қалды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    16 − 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.