-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Тастаушы болмаңдар» Сәресі туралы не білуіміз керек?

    6 мамырда басталған қасиетті Рамазан айы 4 маусымда аяқталады. Биыл 30 күн ауыз бекітеміз

    Ораза тұтушы үшін таң атпай тұрып ас-су ішіп, құлшылыққа қамдануы мұстахаб амал саналады. Мұны сәресі деп атайды.

    Әнас бин Малик (р.а.): «Сәресі ішіңдер, өйткені сәресіде береке бар», – деген хадисті риуаят еткен.

    Сәресінің берекеті

    Сәресі ішу дегеніміз – сүннетті орындау, кітап иелеріне ұқсап қалмау, құлшылыққа күш-қуат жинау, белсенділікті арттыру, аштық себепті жаман мінездің пайда болуын алдын алу, садақа беруге жігерлендіру, дұға-тілек етуге мүмкіндік.

    Сәресінің бірнеше хикметі бар, олар:

    • Құлшылыққа күш-қуат беруі.
    • Кітап иелеріне ұқсамау. Өйткені, олар ораза тұту үшін сәресі ішпейді. Амр бин Ас (р.а.) Пайғамбарымыздың: «Біз ораза мен кітап иелерінің оразасының айырмашылығы – сәресі ішуде», – дегенін жеткізген.

    Сәресі уақыты

    Хадисте Зайд бин Сабиттің (р.а.) Пайғамбармен (с.ғ.с.) бірге сәресі ішіп, сосын намазға тұрады. Әнас: «Екеуінің арасы қанша уақыт болды», – деп сұрағанда, Зайдтың: «Елу аят шамасынша»,– деп жауап бергені баяндалады.М

    Бұл Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) таң атқанға аз уақыт қалғанға дейін сәресі ішкенін білдіреді.

    Сәресінің мөлшері

    Әбу Сағид Худрий (р.а.): «Сәресі – берекелі ас. Оны тастаушы болмаңдар. Тіпті, бір жұтым су ішсеңдер де…, – деген риуаят жеткізеді.

    Ең абзал сәресі

    Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Мұсылманның сәресісі болған құрма неткен тамаша», – деп айтылған. Демек, сәресіде құрма жеу де абзал амалдар қатарына жатады, деп жазады muftyat.kz.

    Рамазан айы қашан басталады?

    6 мамырда басталған қасиетті Рамазан айы 4 маусымда аяқталады. Биыл 30 күн ауыз бекітеміз.Р

    Қасиетті Қадір түні – 31 мамырдан 1 маусымға қараған түн. Ал 5 маусымда Ораза айт мейрамы басталады. Құрбан айт 11-13 тамыз күндеріне түсіп тұр.

    қатысты посттар

    Коронавирус табылған кемеде қалған екі қазақстандық карантиннен шықты

    Фариза

    «Қыздар ана жерлеріңе ие болыңдар…»

    Оралда түлектерді университеттен әскерге алып кетіп жатыр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    10 − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.