-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Ораза кезіндегі жыныстық қатынастың тәртібі

    Ораза ұстау кезінде ауыз бекіткен некелі жандарды мазалайтын сұрақтың бірі – жыныстық қатынас айналасында болады. «Ауыз берік кезде жыныстық қатынасқа түсуге бола ма?», «жарыңды құшып-сүйсең үкімі қандай болмақ?» деген сынды сауалдар жиі айтылады.

    Ораза ұстау кезінде ауыз бекіткен некелі жандарды мазалайтын сұрақтың бірі – жыныстық қатынас айналасында болады. «Ауыз берік кезде жыныстық қатынасқа түсуге бола ма?», «жарыңды құшып-сүйсең үкімі қандай болмақ?» деген сынды сауалдар жиі айтылады. Қасиетті Рамазан айында күллі мұсылман халқы бес парыздың бірі – ауыз бекітіп, ораза ұстау арқылы рухани тазарады. Жаман әдеттерден тыйылу, нәпсіні тежеу арқылы жақсылыққа жақындайды. Ораза ұстау – адамның өзін тәрбиелеуге мүмкіндік беретін ең бір ғажап уақыт. “Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын дәлел ретінде Құран түсіріле бастаған ай. Рамазан айы туғанын көрген адам ораза ұстасын. Кімде-кім ауру болып, әйтпесе сапарда жүрсе, онда басқа күндерде өтесін. Алла сендерге жеңілдік болуын қалайды, ауырлық түсіргісі келмейді” (Бақара/187) Оразаның шарты – ауыз бекітуге шамасы жеткен жанның ниет етіп, таң намазынан бастап күн батқанға дейін ішіп-жеуден, нәпсіден тыйылу. Әрине, оразаның түрлі шарты бар. Бірақ, осынау аударымызда тек оңаша айтылатын тақырып бойынша ғана әңгіме етсек. Адам бойындағы құмарлық сезімі оянғанда оны тежеп ұстаудың өзі ерлік. Міне, осы Рамазан айында ораза ұстау арқылы әр пенде бойында оянған құмарлықты тежеп ұстауға, яғни, төсекке деген нәпсісін тыюға үйренеді. Рамазан айында жыныстық қатынасқа түсуге болады, бірақ оның да өз тәртібі бар. «Сендерге оразаның кешінде әйелдеріңе жақындасу халал етілді. (Өйткені бір-біріңді қорғауда) олар сендерге киім, сендер де оларға киім (іспетті) сіңдер. Алла өздеріңе зиян қылатындықтарыңды біледі. Сондықтан тәубелеріңді қабыл етіп сендерді кешірді. Ал енді (бұдан былай) оларға жақындасыңдар. Алланың өздеріңе жазғанын талап етіңдер. Және таңнан, қара жіптен ақ жіп (қараңғылықтан сәуле) айрылғанға дейін ішіңдер, жеңдер де сонсоң оразаны кешке дейін толық орындаңдар. Мешіттерде (ғибадат етіп) ығтикәфта болған кеште әйелдеріңе жақындаспаңдар. Осы Алланың шегі, оған жақындамаңдар. Осылайша Алла сақсынулары үшін адамдарға аяттарын баян етеді», — делінген Бақара сүресінің 187 аятында. Исламның бас кезінде оразаның ережесі қатаңдау болатын. Рамазан айының күндері тәрізді түндерінде де әйелмен жақындасуға тыйым салынып, тек ұйқыдан бұрын ғана ішіп-жеуге болатын еді. Бірақ кейбір мұсылмандар Алланың осы сынағын көтере алмай, Рамазан кештерінде бұл ережені сақтай алмады. Құран сөзімен айтқанда, олар өздеріне қиянат жасады. Алла тағала осы аятты түсіріп, мұсылмандар үкімдерді бұзбауы үшін Рамазан айының түндерінде ішіп-жеуге, әйелмен жақындасуға рұқсат беріп, олардың бұрынғы күнәларын кешірді. Әрине мешіттерде ығтикәфта болмаған кезде ғана Рамазан түндерінде әйелге жақындасуға болады, өйткені мешітте «жүніб» рұқсат етілмейді. Бұл аят сондай-ақ ерлі-зайыптық байланыс туралы әдемі сипаттама беріп: «Киім бір жағынан адамның айыбын жауып, екінші жағынан адамды көркем ететін тәрізді — ерлі-зайыптылар бір-біріне киім іспетті. Олардың әрқайсысы бір-бірін теріс жолға түсуден сақтайды және бір-бірін безендіріп, тыныштықта болуына жағдай жасайды»,-дейді. Киім адамның денесін жылытатыны секілді, жұбай да отбасына жылылық сыйлап, өмірді салқындықтан қорғайды. Бұл арадағы қызықты жайт, осы міндетті әйел мен еркек тең атқарады. Осы аяттан үйренетініміз: Біріншіден, Ислам дінінің бір ерекшелігі — оның ережелерінің жеңіл болуы. Әрқашанда бір ереже қиыншылық туғызса, Алла оның жеңіл жолын көрсетеді. Екіншіден, Алланың нұсқауын орындамай, күнә жасау өзімізге жасалған қиянат пен зұлымдық, өйткені оның зияны Аллаға емес, бізге тиеді. Үшіншіден, Ислам оқшаулану діні емес, қайта ол ғибадатпен қатар заңды ләззаттарға рұқсат береді. Осының өзі Исламның адам өмірінің барлық қыр-сырына мән беретінін көрсетеді. Төртіншіден, біздің табиғи қажеттерімізді қанағаттандыру үшін Алла заңды жолдар көрсеткен. Сондықтан күнәға салынуымызға сылтау қалмайды. Бесіншіден, күнәға жақындау, күнә жасаумен бірдей. Сондықтан Алла бізге күнә жасауға емес, күнәға жақындауға тыйым салған. Алтыншыдан, ораза болсын, ерлі-зайыптылар байланысы болсын Алланың барлық ережелері тақуа болу және күнәдан аулақ болу үшін. Жыныстық қатынасқа барып қойған жағдайда… Хадисте былай делінген: «Расында, жыныстық қатынас оразаны бұзады» (Ибн Хузайма «Сахих» 3/242). Кімде-кім Рамазан айының оразасы кезінде, екі жыныстық мүше қосылатындай әрі мүшесінің басын әйелінің жыныстық мүшесіне немесе артқы айланшығына кіргізіп, әдейілеп жыныстық қатынас жасаған болса, сол өз оразасын бұзды. Әрі ұрық шашылды ма, әлде жоқ па – мұның айырмашылығы жоқ. Бұндай адам тәубе жасауы, сол күнгі оразасын жалғастыруы, кейін сол күннің қазасын толықтыруы, әрі жасаған күнәсіна ауыр өтеу жасауы тиіс. Рамазан айының күндізінде жыныстық қатынасқа бару оразаны бұзатындығына ғалымдар арасында ешқандай келіспеушілік жоқ (“әд-Дарарул-мудыя” 2/22). Жыныстық қатынас жасауға деген тыйым күн батқан соң жойылады.

    Дереккөзі: Ernur.kz


    қатысты посттар

    «Ақша алмаса қарамайды» Әйелі мен баласының өліміне дәрігерлерді кінәлаған Алматы тұрғыны жанайқайын айтты

    Фариза

    «Кешірім сұрауға намысыңыз жібермей отыр ма?»

    Тасмағамбетов президент сайлауына қатыса ма?

    Пікір қалдыру

    three × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.