-0.1 C
Алматы
Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға Саясат

    Ресей АЭС-ті Өзбекстанда салатын болды

    Өзбекстан мен Ресей атом электр станциясының қай жерге салынатыны туралы ортақ шешімге келді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап. Бұл — Өзбекстан аумағында салынғалы жатқан алғашқы АЭС.

    Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Өзбекстан президентімен болған кездесуден соң: «Президент Шавкат Мирзаев АЭС туралы жобаның дамып келе жатқанына ризашылық білдірді және жоба жүзеге асырылатын аумақ туралы да ортақ мәмілеге келдік «,- деп мәлімдеді.

    Сонымен қатар, жақын арада Ресей мен Өзбекстан арасында осы тақырып аясында кеңес отырысы өтетінін де айтып өтті.

    Өзбекстан президенті 8 ақпанда елдегі атом энергетикасын дамытудың 2019-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіткен болатын. Тұжырымдаманың басты мақсаты жалпы қуаты 2,4 ГВТ болатын АЭС- тың құрылысын және қауіпсіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Станцияның құрылысы 2022 жылы басталып, Ресей үкіметінен тартылатын несие есебінен жүзеге асырылмақ.

    қатысты посттар

    «Өртенді, өртеніп жатырмыз» Мәскеуде ұшақта түсірілген жантүршігерлік видео

    Сұмдық! Бойжеткеннің басын кесіп алған қанішер қылмыстық жазадан құтылып кетті

    Тоқаев көтерген Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселелі қалай шешілуде?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.