Воскресенье, 14 сентября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Түркістан облысында ораза кезінде ішімдік сатылмайтын болды

    Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданының кәсіпкерлері қасиетті Рамазан айында арақ-шарап сатудан бас тартты. Олар ораза кезінде ішімдік сатпайтынын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ

    Жергілікті кәсіпекерлердің бастамасын тойхана иелері қостады. Олар ораза уақытындағы той-томалақтарды ішімдіксіз өткізуге ниетті.

    Рамазан айында арақ-шарапты сатпауға Мақтаарал ауданына қарасты кенттер мен ауылдық округтердің барша кәсіпкерлері бірауыздан уағдаласқан.

    Табыс көзінің бір бөлігінен қағылуға қарсы болмаған жергілікті кәсіпкерлер арнайы марапатқа ие болған. Имамдар материалдық кірістен гөрі имани бастаманы қолдаған мақталы өлкенің кәсіпкерлеріне орталық мешіттің бас имамы Қуаныш Бимағамбетовтың алғыс хаттарын табыстады.

    «Мұндай бастама алдағы уақытта ауданның барлық ірілі-ұсақты кәсіпкерлерінің арасында жүргізіле беретін болады», — деп мәлімдеді аудандық әкімдіктегілер.

    қатысты посттар

    «Вакцина құрамында магнит бар» — желіде тағы бір ақпарат талқыланып жатыр

    Фариза

    Қазақстанда мүгедек жандарға арналған жәрдемақыға өзгеріс енгізу жоспарланды

    Фариза

    Сотталған әр азаматқа мемлекеттен айына 93мың теңге бөлінеді. Қылмыскердің өмірі қарапайым 42мың алатын халықтың өмірінен артық болғаны ма?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 − 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.