1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    РЕСЕЙЛІК ӘРТІСТЕР ӘДІЛ ЕМЕС ЖЕҢІЛГЕН ҚАЗАҚ БАЛАСЫН ЖАҚТАП ШЫҚТЫ

    Бірқатар ресейлік жұлдыздар «Голос дети» жобасында әйгілі әнші Алсудың қызынан жеңіліс тапқан қазақ баласын жақтап шықты. Максим Галкин, Валерий Меладзе мен Вера Брежневаның ойынша шынайы жеңімпаз оралдық Ержан Максим болған. Бұл туралы juldizdar_alemi парақшасына сілтеме жасап, qazweek.kz хабарлайды.

    Көрші ел жұлдыздары өзінің жеке парақшаларында Ержан Максимге өз қолдауын білдірді. Олар әнші Алсудың қызы әділ жеңбегенін айтуда.»Кешегі сайысқа қатысты айтарым. Біздің отбасы үшін жалғыз жеңімпаз — Ержан Максим. Ол керемет ән орындады. Біз отбасымызбен оған дауыс бердік.Балақайлардың бәрі тамаша ән айтты. Бірақ жеңімпаз болған Микела Абрамова басқа қатысушылардан айтарлықтай әлсіз орындап шықты.
    Оның ата-анасы өзінің ақпараттық қысымын ескере алмады. Олардың жұлдызды достары қыз үшін жарыса дауыс берді. Басқа қатысушылардың ондай мүмкіндігі жоқ қой. Шын мәнінде жеңіс Ержан Максимге бұйыру керек еді» , — деді ашуға булыққан Максим Галкин.

    Вера Брежнева бұл жеңіске қатысты әріптесінің пікірімен толықтай келісетінін айтты.

    «Кешегі сайыста барлық балалар мықты өнер көрсетті. Алайда, Максим Галкинмен толықтай келісеміз. Кішкентай Ержан және оның зор даусы» , — деп жазды Вера Брежнева.

    Ержан Максимның екінші орын алып қалуы желіде қызу талқыға түскен. Желі қолданушыларының басым көпшілігі жеңіске Ержан лайықты деп есептеуде.

    Бұған қатысты Валерий Мелазде де өз пікірін айтқан.

    «Жоба аяқталғанымен екі түрлі сезімде қалып қойдық. Бірінші арна дауыстарды дұрыс санап, қайта тексеріп шығады деген ойдамын» , — деді Меладзе.

    қатысты посттар

    Қазір жүрегі бар адамның тыныш ұйықтауы мүмкін емес — Димаш Құдайберген

    Фариза

    Димаштың алғашқы альбомы тыңдармандарын тәнті етті (видео)

    «Жеңгеміз құтты болсын» Нұрғали Нүсіпжанов отау құрды

    Пікір қалдыру

    five × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.