-4.1 C
Алматы
Вторник, 26 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Саясат Экономика

    «Ресей Қазақстанда АЭС сала ма?» Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

    ҚР Энергетика министрлігі көпшілікті толғандырған АЭС мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады. Министрлік алдын ала даурығып, негізсіз алаңдауға себеп жоқ екенін айтады. 

    «Жүргізілген бағалауға сәйкес еліміздің электр қуатының болжамды балансында 2030 жылға қарай Қазақстанның Оңтүстігінде 2,7 ГВт-қа дейін базалық қуат тапшылығы күтілуде. Осыған орай, еліміздің оңтүстігінде бу-газ, гидро және атом станцияларын салу сияқты әртүрлі отын және энергия көздерін пайдалана отырып, базалық және маневрлік генерацияны енгізу арқылы тапшылықты жабу мүмкіндігін қарастырып отыр. 

    Салынуы мүмкін АЭС-тің экономикалық және техникалық параметрлерін нақтылау және реакторлық технологияны таңдау үшін Техникалық-экономикалық негіздеменің Маркетингтік бөлімі әзірленді. Онда нарықта бар III+ реакторлық технологияларды талдау, сондай-ақ 5 елдің реакторлық технологияларды жеткізушілерімен, соның ішінде Росатом мемлекеттік компаниясымен, ақпарат алмасу жүргізіледі.
    Бұдан басқа, әлеуетті инвесторлар еліміздің оңтүстік өңірлерінде маневрлі газ генерациясын, сондай-ақ Ертіс өзенінде Шүлбі ГЭС және Іле өзенінде Қапшағай ГЭС контррегуляторларын салу мәселесін қарастыруда. Шымкент Жылу электр орталығы алаңында қуаты шамамен 450 МВт болатын жаңа бу-газ электр станциясын салу жөнінде ұсыныс берілді.

    Тек мүмкіндіктер және ұсынылатын жобалар тиянақты зерттелген соң ғана электр энергиясын өндіруге Қазақстан үшін неғұрлым оңтайлы және қолайлы технологиялар айқындалатын болады. Егер қуат тапшылығын жою мақсатында АЭС-ті таңдаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес АЭС-ті салу туралы шешімді ҚР Үкіметі қоғамдық тыңдаулар жүргізіп, АЭС салынатын аумақтардың жергілікті өкілді органдардың келісімі бойынша қабылдайтын болады. Бұл ретте еліміздің шаруашылық міндеттерін шешу мұқтаждығы, қажетті жағдайлардың болуы және қауіпсіздік қатерінің болмауы ескеріледі.

    Осылайша, алдын ала даурығып, тұжырымдар жасауға және негізсіз алаңдауға себеп жоқ екенін хабарлаймыз», — делінген министрліктің хабарламасында. 

    қатысты посттар

    Мейрамбек Беспаев жаңа қызметке тағайындалды

    Украина Тоқаевтың Қырым жайлы айтқанына қатты алаңдаулы

    Трамп: Мен лидер болып тұрғанда Иран ешқашан ядролық қаруын қолданбайды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    16 + 18 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.