-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазақстанда тұрғын үй арзандай бастады

    Қазақстанда тұрғын үй арзандай бастады

    Жылжымайтын мүлік саудасымен айналысатын мамандар еліміздің жеті ірі қаласында тұрғын үй бағасының төмендегенін айтуда. Сарапшылар сөзіне сенер болсақ, пәтер құны айтарлықтай түскен шаһарлар тізімін Талдықорған бастап тұр.

    Жаңа құрылған Жетісу облысының орталығында пәтер бағасы 2,7% шамасында арзандаған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

    Жыл басында Қазақстандағы жылжымайтын мүлік федерациясының жетекшісі Ермек Мүсірепов орынсыз аспандап кеткен пәтер бағаларының мамыр-маусым айларына қарай төмендей бастағанын айтқан еді. Бұған себеп жылжымайтын мүлік саудасының дағдарысқа ұшырауы болып отыр.

    «Пәтер құнының өсуіне себеп болған бағдарламалардың барлығы дерлік тоқтатылды, немесе шарттар өзгерді. Бұлардың қатарына зейнетақы қорынан алуға болатын шектік соманың өзгеруі, «7—20—25», «Баспана» секілді ипотекалық несие беретін бағдарламалар мерзімінің аяқталуын жатқызуға болады», — дейді Ермек Мүсірепов.

    Сарапшы қолдан сатылатын ескі пәтер бағасының да тым қымбат, кейбірінің жаңа салынған пәтерлерден де қымбатқа сатылуы орынсыз деп есептейді. Жылжымайтын мүлік нарығына девальвацияның да кері әсері бар. Сол себепті құрылыс компаниялары жаңа үйлердің құнын түсіруге мәжбүр.

    «Құрылыс компанияларының бағаны төмендетуден басқа амалы жоқ. Сату бөлімдерінің жұмыссыз отырғанына біраз уақыт болды. Әрбір компанияның ақшасы бар адам ұсынған сомаға келісуіне тура келеді. Себебі сауда жүрмесе жұмыстың мүлдем тоқтап қалуы мүмкін», — дейді жылжымайтын мүлік федерациясының жетекшісі.

    қатысты посттар

    Төрт жұмысшының қазасы: «АрселорМиталл Теміртау» компаниясының екі басшысы ұсталды

    Фариза

    Қызылордада есептегі сотталғандар жұмыспен қамтылмақ

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова егінге орақ салу рәсіміне қатысты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    thirteen − nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.