Вторник, 18 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Бауыржан Байбектің қайда екені белгілі болды – дереккөз

    Әлеуметтік желіде Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбек пен оның отбасының Кипрде жүрген видеосы жарияланды.

    Бауыржан Байбекпен бірге төрт баласы, жұбайы мен анасы саяхаттап жүр, деп хабарлады Бәсе YouTube арнасы.

    «Бәлкім, Байбек қазір қашып жүр. Алматының бұрынғы әкіміне қатысты аса ірі көлемде қаржы жымқыру фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істер Тоқаевтың жұмыс үстелінде жатыр. Тоқаев Байбекке, сондай-ақ олигархтар Рақышев пен Рахымбаевқа қатысты әлі түпкілікті шешім қабылдаған жоқ» деп хабарлады YouTube арнасы.

    Олардың айтуынша, Байбек бұған дейін Дубайдағы бес жұлдызды қонақүйде екі ай тұрған. Артынша ол қауіпсіз болмай, өзінің орналасқан жерін салыстырмалы түрде арзанырақ Кипрге ауыстырған.

    Расында Байбектің үстінен іс қозғалса, ол Грекияға оңай барып, сол жерден саяси баспана сұрай алады.

    Жақында экс-әкім Стамбұл әуежайында көзге түскен.

    Дереккөз: Orda.kz

    қатысты посттар

    Гүлшара Әбдіқалықова этномәдени бірлестік жетекшілерімен кездесті

    Фариза

    Қазалыда «Жол картасы» бағдарламасы аясында 42 жоба іске асырылып жатыр

    Фариза

    Коронавирустан көз жұмғандардың саны 170-ке жетті

    Пікір қалдыру

    2 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.