Бүгін Сенат отырысынан кейін спикер Мәулен Әшімбаев бұрынғы Президент Нұрсұлтан Назарбаев елдегі саясатқа қаншалықты араласып жатқанын айтты.
Оның айтуынша, саяси науқандарға қатардағы азамат ретінде ғана қатысады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.
«Өздеріңіз де көріп отырсыздар. Әрине, ауқымды шараларда, референдум, сайлау секілді шараларға ел азаматы ретінде қатыса алады. Барлық мәселелер заңда көрсетілгендей шешіліп жатыр. Нұрсұлтан Әбішұлы референдум болғанда өзінің дауысын берді, ол әрбір азаматтық құқығы. Бірақ саясаткер ретінде, Тұңғыш Президент ретінде Қазақстанның саясатына араласып отырған жоқ», — деді Сенат спикері.
Оның айтуынша, барлығы Конституцияда көрсетілген. Ол жерде Президенттің, Үкіметтің және Парламенттің құқықтары бекітілген.
Біз ол кісімен ақылдаспаймыз, ондай ешқандай шара жоқ. Қазіргі кезде биліктің барлық тармағы, барлық мемлекеттік органдар заң жүзінде өз құзіреттерін жүргізіп жатыр, — деп нақтылады Мәулен Әшімбаев.