-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қорғаныс министрі сарбаздардың өлімі туралы: Бұған армия ғана кінәлі емес

    Мәжіліс кулуарында ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстандағы әскерге шақырылған сарбаздардың қазасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Мен Қорғаныс министрі ретінде ең алдымен, ұлдарынан айырылған ата-аналарға көңіл айтамын, — Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов

    Ол қорғаныс ведомствосы бұл мәселені шешіп жатқанын атап өтті.

    Ең алдымен, жастардың өз-өзіне қол жұмсауының себебін түсінуіміз керек. Бұған армия ғана кінәлі емес. Ол әскерге келгенде, оның өміріне командирдің жауапты екені анық, бірақ ол әскерге ес тотқан шағында, азаматтық қоғамнан, проблемаларымен келеді. Армияның міндеті – проблемаларымен келген ес тоқтатқан адамның проблемасын жою, оны әскери қызметке бейімдеу, — Руслан Жақсылықов

    Қорғаныс министрлігінің басшысы армиядағы мәселелерді зерттеуге жетекші психологтар, әлеуметтанушылар, блогерлер мен журналистер шақырылып, олар командирлерге ұсыныстар беретінін айтты.

    Әрине, командирлердің кінәсі бар, мұны жоққа шығармаймыз, одан қорқудың қажеті жоқ. Бұл мәселе. Адамдармен жұмыс істейтін кез келген адам бұл өмірде мұндайдан сақтандырылмаған және сіздер мұны өте жақсы түсінесіздер… Мұның себептерін анықтайық, өйткені бұл бір ғана проблема емес. Тағы айтайын, жастар бізге бұрыннан қалыптасқан дүниетаныммен келеді, — Руслан Жақсылықов

    Айта кетерлігі, соңғы кезде Қазақстан армиясында адам өлімі жиілеп кетті.

    22 сәуірде Жамбыл облысында әскерге шақырылған сарбаз есін жимай, әскери госпитальда қайтыс болды. Ол 2022 жылғы көктемінде Маңғыстау облысынан әскери борышын өтеуге шақырылған. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Әлібек Қалбай бір күн бұрын сапта тұрған кезінде ауырып, есінен танып қалған. 4 мамырда Қазақстанның Бас әскери прокуратурасы Қалбайдың өліміне оның әріптесі күдікке ілінгенін хабарлады.

    4 маусымда Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметші Еділ Тешебаев асылып өлді. Ол 2022 жылдың тамызында демобилизациялануы керек еді. Кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті сарбаздың өз-өзіне қол жұмсау себебін атады.

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметкерлердің өлімі жиілеп кеткеніне назар аударып, арнайы комиссия құруды тапсырды.

    қатысты посттар

    Ералы Тоғжанов Қызылордадағы жедел-жәрдем жұмысымен танысты

    Фариза

    «Сөзіңе жауап бересің» — Әкім блогерге жазған жауабын түсіндірді

    Фариза

    Г. Әбдіқалықова: «Сақтық шараларына бағыну — тұтас ел алдындағы азаматтық борышымыз»

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve − eleven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.