-13.1 C
Алматы
Понедельник, 13 января 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Дубайда қазақстандықтардың миллиард долларлық жылжымайтын мүлкі бар — зерттеу

    1,5 мың қазақстандықтың Дубайда құны миллиард доллардан астам болатын жылжымайтын мүлкі бар. Мұндай мәліметті EU Tax Observatory (Еуропалық салық обсерваториясы) сарапшылары мамырдағы есебінде келтірген, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Жарияланған есепте сарапшылар Дубайдағы 800 000 жылжымайтын мүлік иелері туралы деректерді талдаған.

    «Дубайдағы оффшорлық жылжымайтын мүлік үлесі өте үлкен: кем дегенде 146 миллиард долларды шетелдіктер жылжымайтын мүлік нарығына жалған компаниялар арқылы инвестициялады, бұл Лондондағыдан екі есе көп. Географиялық орны мен байланыстары бұл қаладағы шетелдік инвестицияны анықтайтын негізгі фактор саналады», — делінген құжатта.

    Зерттеу деректеріне сәйкес, Дубайдағы 1 550 қазақстандық құны 1,018 миллиард доллар болатын 2 694 мүлікке иелік етеді. Орта есеппен қазақстандықтар бір жылжымайтын мүлікке 377 989 доллар жұмсаған.

    Салыстыру үшін, БАӘ-нің ең ірі қаласында 5 381 ресейлік жалпы сомасы 3,344 миллиард болатын 9 755 жылжымайтын мүлікке иелік етеді.

    Қырғызстан азаматтары арасында Дубайда жылжымайтын мүлкі бар 106 адам бар, олардың жалпы құны — 102 миллион доллар, 236 нысан.

    Анықтама: 2020 жылы Еуропалық комиссия EU Tax Observatory деп аталатын жаңа еуропалық қоғамдық ұйымды құруға 1,2 миллион еуро бөлген. ЕО салық обсерваториясының мақсаты — әлемдегі салықтан жалтару және ақшаны жылыстату мәселелеріне назар аудару.

    қатысты посттар

    Ауыр қаза… “Balapan” арнасы бір балапанынан айырылды

    «Кешір, Алла» Алапат өрттен жанбай қалған Құран суреті жұртты таң қалдырды

    Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Шиелі ауданының ахуалын тексерді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.