-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Елорда тұрғыны лифтіде әйелін аяусыз сабап, қабырғасын сындырды

    Ер адамның барлық әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

    Әйелдің айтуынша, полицейлер бұл оқиғаға қатысты дұрыс жұмыс істеп жатқан жоқ, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

    Әйелдің айтуынша, оқиға наурыздың 27-сінен 28-іне қараған түні болған. Күйеуі онымен бірге жеделсатының ішіне кіреді де, кенет арт жағынан бастан ұра бастайды. Ол, тіпті, есін жоғалтқан кезде де ер адам ұрып-соғуын жалғастыра берген. Бұдан бөлек ол таңертең үйдің ішінде басынан ұрған.

    Зардап шеккен әйел күйеуінің бұл айуандығы жайында «Не молчи» қорындағыларға айтқан. Өзінің айтуынша, ол 28 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық полициясына арыз жазады. Онда «күйеуім мені лифтіде және үйде, яғни екі рет ұрып-соқты» деп нақты жазған. Алайда полицейлер бұл сөздерді әлі күнге дейін елемей отыр екен.

    Полиция департаментіндегілердің айтуынша, қазіргі кезде бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 107-бабы (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс тіркелген.

    «Жүргізілген сот-медициналық сараптамаға сәйкес жәбірленушінің денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірілген. Күдіктіге «ешқайда кетпесін және өзінің мінез-құлқын реттесін» деген шара қолданылды. Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды», — дейді полицейлер.

    қатысты посттар

    Қазақстанның бес қаласында митинг өткен: министрлік түсініктеме берді

    «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламалары бойынша ай сайынғы төлемдерді Ұзарту ұсынылды

    Фариза

    «Шағымы жоқ…» Қазақстанның Қытайдағы елшілігі Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты пікір білдірді

    Пікір қалдыру

    six + 11 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.