Понедельник, 17 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Алматы полициясы өзін өртеген әйел айыптаған қаржы пирамидасына қатысты пікір білдірді

    Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты қозғалған іс жайында түсінік берді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі  ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

    Айта кетейік, кеше осы пирамиданың салымшысы Бағила Досмайылова астанадағы Ішкі істер министрлігі ғимаратының алдында өзін өртеп жіберген болатын.

    «Бағила Досмайылова Mudarabah Capital қаржы пирамидасы ісі бойынша жәбірленуші деп танылған. 10 сәуірде ол өзінің Instagram парақшасында өліміне мені кінәлі деп санауды өтініп пост жариялады. Өйткені, оның айтуынша, мен «істі жабуға асығып отыр екенмін». Аталған қылмыстық іс бойынша 14 адам күдікке ілінген, оның екеуіне халықаралық іздеу жарияланды», — деп атап өтті Рустам Әбдірахманов.

    Полиция өкілінің сөзіне сенсек, алты күдікті қамауда отыр, үшеуі кепілмен босатылған, тағы екеуі үйқамаққа алынған, біреуі — ешқайда кетпейтіні жайлы қолхат берген.

    Қазіргі таңда қылмыстық процеске 14 адам тартылды, оларға Қылмыс кодексінің 217-бабы 3-бөлімі бойынша айып тағылған.

    «Таяу арада процеске қатысушылар қылмыстық іспен танысып болған соң іс сотқа жіберіледі. Келген материалдық шығынды өндіру мәселесін сот қарап шешеді. Өз атымнан ол кісінің тезірек жазылып кетуіне тілектеспін. Өмірлік қиын жағдайға тап болған кез келген адам эмоциялық күйзеліске ұшырайтыны белгілі,» — дейді полиция департаменті абстығының орынбасары.

    қатысты посттар

    Қазақстанда бір қолға сатылатын медмаска санына шектеу енгізу әзірленуде

    Фариза

    «Қазақстанда «таза ислам жоқ» деп бізді елден алып кетпекші…» — мектеп оқушысы жат ағымның жетегінде кеткен әкесі туралы айтып, көмек сұрады (видео)

    Шектеулер мен Ashyq қосымшасы Ата заңға қайшы емес пе? Бекшин жауабы

    Фариза

    Пікір қалдыру

    thirteen + 13 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.