-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Алматы облысында мешітке келушілерді тонап жүрген ер адам ұсталды

    Алматы облысында мешіттерде ұрлықпен айналысып жүрген 25 жастағы жігіт қолға түсті. Қазіргі таңда күдіктінің 16 ұрлыққа қатысы бар екені дәлелденді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ​​Талғар ауданының полицейлері ақпан айының соңынан бастап Тұздыбастау, Гүлдала, Қызыл Ту және Панфилов ауылдарында орналасқан мешіт қызметкерлерінен шағым түсе бастаған. Үнемі бетперде киіп жүретін қылмыскердің әрекеті көшедегі бейнебақылау камерасына да түсіп қалған.

    «Күдікті ақшам намазының уақытын пайдаланып, мешітке келушілердің ақшасын, ұялы телефондары мен басқа да бағалы заттарын ұрлаумен айналысқан. Ол мешіт ішінде де, сыртында да әрекет етіп, тұрақтағы көліктерді тонаған. Ол болат ұшы бар арнайы балғамен көліктердің терезесін сындырған. Ер адам бұрын ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған, көршілес Есік қаласының 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазір ұсталған азаматтың облыстағы осыған ұқсас басқа да ұрлық әрекеттеріне қатысы бар-жоғы тексерілуде», — деді Талғар аудандық полициясы бастығының орынбасары Андрей Бурянский.

    Қылмыстық іс материалдарында айғақ ретінде тәркіленген бейнежазбалар, ұрланған телефондар мен қылмыс қаруы тіркелді. Тергеу барысында күдіктіге қатысты «қамау» бұлтартпау шарасы тағайындалды.

    қатысты посттар

    Мәскеуде қазақстандық пранкерлер 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды

    Фариза

    Жеті баланың анасы несие төлемегені үшін өлтірілді

    Фариза

    «Базарға екпесіз кіргізбейді» — Қызылорда облысының әкімдігі видеоға жауап берді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    14 − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.