Суббота, 7 ноября 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жемқорлық

    Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы компаниялардың былығы ашылды

    Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы екі компанияның басшылары ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына, оның бұрынғы әйелі Ғ.Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты тергеуді жалғастырып жатыр, деп хаюарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz порталына сілтеме жасап
    «Тергеу Қ.Сатыбалдыұлының бақылауындағы компаниялар – кірме теміржол желілері (соңғы километр) иелерінің ақша жымқырғанын анықтады», — делінген хабарламада.
    «Аталған тұлғалар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының көмегімен елдегі қала құраушы кәсіпорындарға кіреберіс жолдарға қызмет көрсету тарифін негізсіз жоғарылату арқылы миллиардтаған пайда тапқан, бұл халықтың тіршілігін қамтамасыз ету қызметтері бағасының өсуіне әкелген», — деп атап өтті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
    Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы екі компанияның басшылары ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.
    Күдіктілердің кінәсін сот анықтайды.
    Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпараттар жария етілмейді.

    қатысты посттар

    Кеденде 165 миллиард теңгенің заңбұзушылығы анықталды — Бас прокуратура

    Фариза

    Astana LRT ісі бойынша сотталғандар аштық жариялады

    Фариза

    Қайрат Сатыбалды өзіне тағылған айыпты мойындады

    Пікір қалдыру

    3 × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.