-4.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық

    Есте сақтау мен көру қабілеті жоғалады — қандай витамин жетіспеушілігі қауіпті

    Көбінесе вегетариандар В12 дәрумені тапшылығынан зардап шегеді
     
     В12 дәруменінің жетіспеушілігі ішінара есте сақтау мен көру қабілетінің жоғалуына әкелуі мүмкін, деп жазды «Доктор Питер» порталы британдық Express басылымына сілтеме жасап.
     

    «В12 дәруменінің жетіспеушілігі бас ауруы мен тітіркенуден бастап анемия мен есте сақтау қабілетінің жоғалуына дейінгі түрлі проблемаға әкелуі мүмкін. Бөртпе, көгеру, баяу жазылатын жаралар, бұлшықет әлсіздігі және аяқ-қолдың қышуы — В12 дәрумені жетіспейтінінің белгісі», — деп түсіндірді диетолог Алекс Гловер.

    Егер витамин өте көп мөлшерде жетіспейтін болса, адамның көру қабілеті төмендеуі мүмкін.
    «B12 эритроциттер өндіріп, жүйе жүйесін реттейді. B6 ағзаның тамақты энергияға айналдыруына көмектеседі. Ал B1 мен B2 тері, шаш пен тырнақтың сау болуына жауап береді», — деді тері күтімі жөніндегі сарапшы Карл Кристиан.

     

    В12-нің сіңуіне не кедергі

    Алкогольдік интоксикация осы витамин жетіспеушілігі себебінің бірі болуы мүмкін. Сондай-ақ, В12 сіңуіне кедергі болатын себептер қатарында атрофиялық гастрит, терминалді илеит, ауыр созылмалы энтерит, аш ішектің дивертикулезі, Крон сырқаты да бар.

     

    В12 витаминін қайдан іздеу керек

    Көбінесе вегетариандар В12 дәрумені тапшылығынан зардап шегеді, өйткені ол жануарлардан алынатын өнімдерде кездеседі:
     
    сиыр еті, тауық еті;
     
    ірімшік, сүт, май;
     
    жұмыртқа;
     
    тұтас дәнді өнімдер;
     
    жапырақты көк;
     
    ақ қырыққабат және гүлді қырыққабат.
     
    Алайда жетіспейтін дәрумендерді тек дәрігер анықтай алады.

    Дереккөз: Sputnik.kz

    қатысты посттар

    Қытайлық визажистің адам сенгісіз ғажайып туындылары (фото)

    Алматыда вакцина салдырғандар арасында БАӘ-ге жолдама ойнатылады

    Фариза

    Нұр-Сұлтанда 13 жастағы қыз жыныстық жолмен ВИЧ жұқтырған

    Пікір қалдыру

    18 + 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.