Жұма, 3 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    СҚО-да дәрігерлер адам өлімін жасырып қалған

    Дәрігерлер мәйітті ешқандай құжатсыз марқұмның туыстарына берген. Әйелдің ауруханада қайтыс болғаны туралы анықтама тек бір айдан кейін ғана жасалған.

     «Қазақстан» ұлттық телеарнасы таратқан ақпаратқа сай, Солтүстік Қазақстанда ана өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Былтыр Тайынша ауданының 35 жастағы тұрғыны Әйгерім Қазезова бесінші баласын дүниеге әкеліп, бірнеше аптадан кейін облыстық ауруханада коронавирустан қайтыс болған.

    Бірақ дәрігерлер ананың өлімін тіркемей, құжат бойынша мәйітті тірі адам ретінде Тайынша аудандық ауруханасына жіберген. Қағаз жүзінде ол бір ай емделді делініп, дәрі-дәрмегіне қыруар қаржы жұмсалған.

    Дәрігерлер мәйітті ешқандай құжатсыз марқұмның туған-туыстарына берген. Әйелдің қайтыс болғаны туралы анықтама тек бір айдан кейін ғана жасалған. Осылайша дәрігерлер адам өлімін жасырып қалған.

    Телеарнаның хабарлауынша, былтыр Солтүстік Қазақстанда 3 ана қайтыс болды.

    Облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысы Нұрлан Аймановтың айтуынша, әйелдің дүние салуы ана өлімі ретінде тіркелсе, министрлік тарапынан тексеріс болады.

    Сондықтан қайтыс болу туралы анықтама қағазы бір айға кеш датамен жасалған. Аурухана жетекшісі осылайша жауапкершіліктен қашпақ болған. Тайынша аудандық аурухананың бас дәрігері Анатолий Рафальский қызметінен босатылды, – Нұрлан Айманов

    қатысты посттар

    “Баламды үйден алып кеткен адамдарды жауапқа тартуды, әділдікті талап етемін” – Дулат Ағаділдің анасы

    “Ұлыбританиялық ұшқыш Алматыда бір жасар сәбиін қалай өлтірді?” Бүгін Алматыда “InterContinental” қонақ үйінде болған бала өліміне қатысты сот басталады

    Фариза

    “ВИП-қызмет көрсету керек пе бәріне?!” Балабақшада сәбиді жұлқып көтерді (видео)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 + nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.