Вторник, 18 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Балалар үйінде он жылдан астам жұмыс істеген педагог-психолог оқушысын екі жыл бойы зорлап келген

    Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Рудный балалар үйінің қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр.

    Бұл туралы құқық қорғаушы Дина Таңсәрі Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

    Педагог-психолог Қылмыстық кодекстің 120-бабы (зорлау) бойынша айыпталып отыр. Процесс жабық режимде өтеді.

    Күдікті Рудный балалар үйінде он жылдан астам жұмыс істеген. Дина Таңсәрінің жазуынша, ол бұрын өмір бойы бас бостандығынан айырылғандар қамалатын Жітіқарадағы «Қара бүркіт» атауымен танымал колонияда психолог болған.

    Ол 2021 жылдың тамыз айында балалар үйінің кәмелетке толмаған тәрбиеленушісін зорлады деген күдікпен ұсталды. Жәбірленуші қазір Рудный балалар үйінде тұрмайды. Колледжде оқып жүр.

    Жасөспірім қыз екі жыл бойы зорлық-зомбылық көрген. Мұғалімнен ДНҚ сараптамасы алынған соң зорлау дерегі дәлелденді, — деп жазады «НеМолчи kz» қорының басшысы Дина Таңсәрі.

    қатысты посттар

    Шымкентте жарапазан айтып жүрген балаларды полиция ұстап алып кетті

    Фариза

    «Есінен танғанша ұрған»: Павлодар облысында күйеуі соққының астына алған әйел қайтыс болды

    Фариза

    12 жастағы қызды туған әкесі зорлаған. Қыздың анасы көпшіліктен көмек сұрауда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.