-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Досаев әл-Фараби даңғылындағы 2 миллиард тұратын жөндеу жұмыстарын тоқтатты

    Алматы әкімі Ерболат Досаев әл-Фараби даңғылындағы жөндеу жұмыстарын тоқтатты. Қаржы басқа мақсаттарға жұмсалады. Бұл туралы қала әкімі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Досаевтың айтуынша, бұған дейін Алматының басты көшелерінің бірін жөндеуге екі миллиард теңге бөлінген. Бұл қаражат қаланың жөндеуді қажет ететін аудандарына жол салу және жөндеу жұмыстарына бағытталады.

    «Әл-Фараби даңғылы, ШААЖ-дан Саин көшесіне дейін жөндеуге бөлінген қаржыны сапасы сын көтермейтін жолдарды жөндеуге немесе кейбір аудандарда жол салуға бөлу туралы шешім шығардым. Резервтерді іздеу бойынша жұмыс жалғасады», — деп мәлімдеді Ерболат Досаев.

    қатысты посттар

    Арал ауданында дәрі-дәрмек бағасы тұрақты

    Фариза

    Қазақстанда Абай, Ұлытау және Жетісу атты жаңа үш облыс құрылады

    Фариза

    Қызылордада сәуір айынан бері қызылша ауруының дерегі тіркелмеген

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen + 17 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.