Пятница, 8 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Ақтөбеде үйде жалғыз қалған қыз баланы зорлап кеткен педофил сотталды

    Оқиға былтыр қыркүйекте болған. Жатақханада тұратын қыз бала сол күні үйінде жалғыз қалған

    Ақтөбеде сегіз жастағы қыз балаға зорлық жасаған педофил 22 жылға сотталды, деп хабарлады Qazweek.kz ақпарат агенттігі «Астана» порталына сілтеме жасап.

    Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, айыпталушы жеткіншекке зорлық-зомбылық жасап, қашып кеткен.

    Еске салайық, оқиға былтыр қыркүйекте болған. Ағайынды Жұбановтар көшесіндегі жатақханалардың бірінде тұратын қыз бала сол күні үйінде жалғыз қалған. Үйге кірген белгісіз адам соны пайдаланып, арам ойын жүзеге асырған. Күдік туғызатын дауыстарды естіген көршілері полицияға хабар берген.»Сот үкімімен Б.Нұржанов кінәлі деп танылып, 22 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған өмір бойына педагогикалық лауызымдар атқаруға және кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істеуге тыйым салынды», — дейді Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің жетекшісі Анар Айтжанова.

    Педофил жазасын төтенше қауіпсіз мекемеде өтейді. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

    қатысты посттар

    Алматыда тегін дәрі-дәрмектердің тізімі кеңейтіледі

    Фариза

    Мемлекеттік қызметшілердің әдеп деңгейін арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда

    Фариза

    Мемлекет Тимур Құлыбаевтың зауытын мәжбүрлі түрде тартып алды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.