-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Павлодар тұрғыны атаулы әлеуметтік көмек аламын деп мемлекетке қарыз болды

    Павлодар облысының тұрғыны, көпбалалы ана Сайрагүл Молдабай мемлекеттен 2019 жылы атаулы әлеуметтік көмек алған. Бірақ, үйдегі отағасы жұмысқа жарамсыз болғандықтан, тек жәрдемақымен 7 баланы асырау қиынға соғады. Соған байланысты ол жұмыс істеуге мәжбүр болған. Кейін жергілікті әкімдік Сайрагүлді табысын жасырды деп айыптап, көмекті көп ұзамай тоқтатады да, мемлекеттен алған 670 мың теңгесін мойнына қарыз қылып іліп қойған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.

    Бірер күн бұрын оған әкімдіктен 2019 жылы мемлекеттен алған атаулы әлеуметтік көмекті түгел қайтару қажеттігі туралы хат келді. 7 баласы мен инсульттан соң жұмысқа жарамсыз күйеуін бағып отырған әйел енді 670 мың теңгені қайдан табамын деп налып отыр.

    «Менің кінәм не сонда? Мына мүгедек қызды сенің отбасыңа табыс кіріп отыр дейді. Жатқан түрі мынау. Бір түгіл екі мүгедек бағып отырмын», – дейді Сайрагүл Молдабай.

     


    Ақсу қаласының әкімдігі Сайрагүл Молдабай атаулы әлеуметтік көмекті алып жүрген уақытта жұмысқа шығып, табысын жасырғысы келгенін айтады. Сондықтан, қалай да қарызды қайтаруына тура келетінін меңзеді.

    «Бұл кісі жұмыс істедім деп айтқан жоқ. Бала күтімімен жүргенін айтты. Түсініп отырмыз, оңай емес», – дейді Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Балтабай Қаппасов.

    Көп балалы ананың арызын естіген Ақсу қаласы әкімінің орынбасары дегенмен бұл мәселені шешуге уәде етіп, көпбалалы ананы сотқасүйремейтінін жеткізді. Сондай-ақ, демеушілілер тарапынан көмек көрсетілуі де мүмкін.

    қатысты посттар

    «Мен ешкімге сенбеймін» Блок-бекетте қаза тапқан полицейдің анасы қылмыстық істі Тоқавтың өз бақылауына алуын сұрады

    Фариза

    Абайлаңыз, алаяқ! ЭЦҚ-ны алу кезінде алаяқтарға алданып қалмаңыз

    Фариза

    Қамауда отырған белсенді Ағаділ «шеге мен болт жұтқан»

    Пікір қалдыру

    20 − 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.