6 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Павлодар облысында жедел жәрдем жүргізушісі мас күйінде ұсталды

    Қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін 100-ге жуық азамат жауапкершілікке тартылды

    Павлодар облысында полицейлер жедел жәрдем жүргізушісін мас күйінде ұстады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Оқиға 5 желтоқсанда “құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы аясында анықталды.

    Сағат 00:15 шамасында Тереңкөл ауданының полиция қызметкерлері жанармай құю станциясында жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі өзін біртүрлі ұстағанын байқайды. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің ішімдік ұрттап алғаны белгілі болды.

    Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, материал сотқа жолданды.Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов.

    Ведомство аудандық аурухананың аға механигіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 619-бабы бойынша 40 АЕК айыппұл салынғанын атап өтті.

    Айта кетейік, жедел алдын алу іс-шарасының алғашқы күнінде 650-ге жуық құқық бұзушылық анықталды.

    Қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін 100-ге жуық азамат жауапкершілікке тартылды, олардың 14-і автокөлікті мас күйінде басқарған.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамыту жөнінде арнайы бағдарлама әзірленбек

    Фариза

    Қызылорда облысында ҚХА татулықты ту еткен ауқымды шараларды жүзеге асыруда

    Фариза

    Қызылорда облысында шаруа қожалықтарының саны артты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two + twenty =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.