-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Бедеулік – елімізде кеңінен етек алып, қоғамның басты мәселелерінің біріне айналып отырған үлкен дерт. Бедеулікпен күресу мақсатында қанша амалдар жасалып жатқанымен, бұл кеселге шалдыққандардың саны көбеймесе,  азаяр емес. Сондықтан да, қазіргі технология мен ғылымның дамыған заманында бала сүйе алмай отырған отбасылардың жартысына жуығы ұрпақ сүю үшін арнайы технологияның мүмкіндігіне жүгінеді. Яғни, қалтасы көтергендер ЭКО арқылы амалын тауып, сәбилі болады. Бірақ, экстракорпоралды ұрықтандыру əдісінің өзі мәселені толық шешпейді. Денсаулығында кінәраты барлардың маңдайына мұндай бақыт жазылмаған. Бір перзентке зар болып жүргендер осы тұста суррогат ананың көмегіне жүгінеді. Алайда, бұл іс қазіргі таңда бизнестің түріне айналғалы қашан...

    Суррогаттық ана болу құқығы заң бойынша тіркелген тұста көптеген азаматшалар Қазақстанда суррогат анаға берілетін қаржының аз екенідігіне шағымданып, шетелдіктердің ұсынысын қабылдауға асығатын. Дегенмен, суррогаттық анаға деген сұраныс елімізде де көбейген сайын жыл сайын бұл қызметтің бағасы да көтерілуде. Мәселен осыдан екі жыл бұрын суррогат ананың қызметі 2 мен 5 миллион теңге арасында болатын. Ал қазіргі таңда бұл қызметтің бағасы 8 миллионннан асып түседі. Оған қоса ЭКО қызметіне төленетін шығын мен суррогат ананың күтіміне кететін қаржыны тағы қосыңыз. Мінекей, өзгенің баласын құрсағында 9 ай көтеріп туып беретін суррогат аналар қазіргі таңда осы қызмет арқылы қарыздарын жауып, жағдайларын да жақсартып алып жатқандарын айтады. Бір қызығы осы уақытқа дейін суррогат ана болғысы келетін азаматшалар өздеріне жарнама жасау арқылы ұсыныс тастайтын. Ал қазіргі таңда бұл қызметті ұйымдастыруға кіріскен арнайы делдалдар пайда болған. Ана құрсағын кәсіпке айналдырмақ болғандардың жарнамаларын қазір әлеуметтік желілерден кездестіру қиын емес.

    Анықтама.

    Егер ерлі-зайыптылар денсаулығындағы кінәратына байланысты сәби сүйе алмаса, әйелдің жұмыртқа жасушасы ЭКО процедурасы арқылы күйеуінің биологиялық материалдарымен ұрықтандырылады. Эмбрион дайын болғанда оны үшінші әйелдің, яғни суррогат ананың жатырына салады. «Құрсақ ана» өзгенің перзентін 9 ай бойы көтеріп, дүниеге әкеледі. Әлбетте, бұл қызметі үшін ақы алады. Жалпы, суррогат аналардың 70 пайызы мұндай қадамға қаржыдан қысылғандықтан барады екен.

    Кез-келген адам суррогат ана бола алмайды. Бұл саланың да өзінің арнайы талаптары мен ережелері бар.

    Суррогат аналарға қойылатын талаптар:

    • Дені сау баласы болуы тиіс;
    • Физикалық, психикалық және репродуктивті денсаулығы канағаттанарлық және медициналық ұйымның қорытындысымен расталған болуы тиіс;
    • Жұбайының жазбаша келісімі бар болуы, нотариалды куәландырылған.

    Суррогат ана болуға шариғаттың көз-қарасы қалай?

    Мұндай жолмен бала табуға шариғатта рұқсат жоқ. Бұған төмендегі мына дәйектер нақты дәлел болады:

    1. Ер  кісі мен құрсақ ананың арасында некенің жоқтығы. Ислам шариғатында некелі туылған бала деген мәртебеге ие болу үшін оның ата-анасы болып табылатын ер мен әйелдің арасында шариғи тұрғыдан некенің рүкіндері мен шарттары толық орындалуы тиіс. Шариғатта текті ұрпақтың некелі ерлі-зайыптылардан дүниеге келетіндігі айтылған. Мұны Алла Тағала Құран Кәрімде былай баяндайды: وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا رُسُلا مِنْ قَبْلِكَ وَجَعَلْنَا لَهُمْ أَزْوَاجًا وَذُرِّيَّةً. «Расында сенен бұрын да пайғамбарлар жібергенбіз. Оларға да жұбайлар, ұрпақтар бергенбіз»[1]. وَاللَّهُ جَعَلَ لَكُمْ مِنْ أَنْفُسِكُمْ أَزْوَاجًا وَجَعَلَ لَكُمْ مِنْ أَزْوَاجِكُمْ بَنِينَ وَحَفَدَةً وَرَزَقَكُمْ مِنَ الطَّيِّبَاتِ أَفَبِالْبَاطِلِ يُؤْمِنُونَ وَبِنِعْمَةِ اللَّهِ هُمْ يَكْفُرُونَ (٧٢) «Алла Тағала өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратты. Жұбайларыңнан сендерге балалар, немерелер нәсіп етті. Сондай-ақ сендерді тап-таза нәрселерден ризықтандырды. Осылай бола тұра олар жалғанға сеніп, Алланың нығметіне шүкірсіздік ете ме?».  

    2. Әйел жатыры сауда-саттыққа, алыс-беріске жарамды мүбах заттардың санатына жатпайды. Шариғатта кейбір заттар сауда-саттыққа, алыс-беріске жарамды болып табылады. Мәселен, тағам түрлері, сусындар, киім, көлік, баспана, кітап, бау-бақша, т.б. Міне осы заттарды сатуға, жалға беруге, садақа етуге, сыйға тартуға болады. Ал кейбір дүниелер сауда-саттыққа, алыс-беріске жарамсыз болып табылады. Мәселен, әйелдің жыныстық мұқтаждығын тек некелі күйеуі ғана қанағаттандыруы тиіс. Бұл іс тек күйеуімен ғана шектеледі. Демек, күйеуі өзіне шектелген істерді өзге ер кісіге беруіне болмайды. Сондай-ақ әйелдің де күйеуінен өзге ер кісіге осы істерді (яғни күйеуіне ғана шектелген істерді) садақа етуіне, жалға беруіне, сатуына болмайды. Ендеше әйелдің бүкіл денесі, оның ішінде аналық мүшесі күйеуінен басқа ер кісіге харам екен. Демек әйелдің жатырын да жалға беруге, сатуға болмайды. Міне осы тыйым шариғатта әйел затының жатырына күйеуінен өзге ер кісінің ұрығын ендіруге тыйым салынғандығын көрсетеді. Егер әйел жатырын сатуға немесе жалға беруге рұқсат етілсе, ешбір бала өз тегін дөп басып айта алмас еді. Ешбір әке де «мынау менің балам» деп турасын айта алмас еді. Бұл өз кезегінде тексіздікке алап барады. Ал шариғатымыз мұндай ерсі, сөкет істі құптамайды.

    қатысты посттар

    «Кекілдерін қайырып, жақтарын айырамыз…» — Талғат Рысқұлбеков

    Белгілі адвокат Айман Омарованың көлігі өртенді

    Фариза

    Көптоғайдағы наразылықтан соң шекара қоршауы өзгертіліп, қайта салынды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one + 19 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.