-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Kaspi.kz өкілдері мобильді төлемдерге қатысты сұрақтарға жауап берді

    Еске салайық, Парламентте Бизнеске арналған мобильді төлемдерді реттейтін Салық кодексіне түзетулер қабылданғаннан кейін желіде көптеген жеке кәсіпкер, шағын дүкен иесі немесе қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлер 1 желтоқсаннан бастап мобильдік аударымдармен төлемдерді қабылдаудан бас тартуға шешім қабылдағандығы туралы хабарламалар пайда бола бастады.

    Kaspi.kz-тің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мобильді төлемдерге қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар жарияланды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    #1Мен жеке тұлғамын. Менің мобильді ақша аударымым туралы деректер салық органына беріле ме?

    Жоқ. Банк құпиясын сақтау талаптарына сәйкес сіздің ақша аударымыңыз туралы деректер салық органдарына берілмейді. Сіз бұрынғыдай жеке мақсатыңыз үшін ақша аудара аласыз және қабылдай аласыз.

    Жалпыға бірдей декларациялауды кезеңмен енгізу туралы заңға сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүргізу белгілерінің бары туралы мәліметтер тек 2025 жылдан бастап берілетіні көзделіп отыр. 2025 жылға дейін ЖК емес және мемлекеттік қызметші емес жеке тұлғалар үшін ештеңе өзгермейді.

    #2Мобильді ақша аударымына шектеу қойыла ма немесе салық салына ма?

    Жоқ. Жеке тұлғалардың арасындағы ақша аударымына салық салынбайды. Заң жобасында ақша аударымына жаңа салықтың немесе шектеудің пайда болатыны көзделмеген.

    #3Егер кәсіпкер клиенттерден мобильді ақша аударымын алатын болса, ол үшін көтеріңкі салық төлеуі керек пе?

    Жоқ. Заң жобасында жаңа салықтың пайда болатыны көзделмеген.

    Кәсіпкерлік мақсатта мобильді ақша аударымын пайдалану қазірдің өзінде сатушыларды ҚР заңнамасына сай салық төлеу және фискалдық чек беру міндетінен босатпайтынын атап өтеміз.

    #4Мен ЖК не компания басшысымын. Менің мобильді ақша аударымым туралы деректер салық органына беріле ме?

    Жалпыға бірдей декларациялауды кезеңмен енгізу туралы заңға сәйкес жеке кәсіпкерге не компания басшысына тиесілі шоттар бойынша кәсіпкерлік қызметті жүргізу белгілерінің бары туралы мәліметтер 2024 жылдан бастап берілетіні көзделіп отыр.

    #5Ендеше бұл заң жобасы не туралы?

    Заң жобасы жеке тұлғалардың арасындағы мобильді ақша аударымына қатысты емес.

    Мобильді төлемдер ұғымын және ЖК мен заңды тұлғалар үшін тауарлар немесе қызмет көрсету үшін ақыны арнайы кәсіпкерлік қызметке арналған шоттарға қабылдау міндетін енгізу көзделіп отыр.

    Мысалы, мұны тауарлар мен қызмет көрсету үшін ақы қабылдауға Kaspi Pay мобильді қосымшасы мен Kaspi QR-дың көмегімен қазірдің өзінде жасауға болады.

    қатысты посттар

    Қазалы: «Аймақаштың» инженерлік инфрақұрылымы әзірленуде

    Фариза

    43 градус ыстық: Елімізде ауа райы қалай болмақ?

    Қызылорда облысында қыркүйекте 839 медицина қызметкері 99 593,9 мың теңге үстемақы алады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fourteen − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.