-6.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбыл облысы экономикалық өсім бойынша елімізде екінші орында тұр

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте он айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, санитарлық-эпидемиологиялық мәсеелер қаралды.

    Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекованың айтуынша Жамбыл облысы экономикалық өсім бойынша еліміздің өңірлері арасында екінші орыннан көрінген.

    Есепті кезеңде облыстың экономикалық өсімі 104,9 пайызды құрады (республикалық көрсеткіш — 103,9 пайыз).
    Өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 105 пайызды, ауыл шаруашылығында — 100,1, құрылыста — 107,3, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі — 116,4 пайызды, Инвестициялар — 111 пайызды, сауда көлемі — 105,7 пайызды құраған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көлік және логистика саласындағы көрсеткіштер 7,7 пайызға артты.

    Ағымдағы жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша орташа айлық жалақы 22,6 пайызға ұлғайып, 184,4 мың теңгені құрады.Ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысына сәйкес негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика күтілуде, — деп атап өтті Г.Жауынбекова.

    Қаржы басқармасының басшысы Жақсылық Сапаралиевтің айтуынша, бюджет кірістері 2,5 пайызға ұлғайып, 376 миллиард теңгені, жеке кірістері 76,4 миллиард теңгені құрап, 13,5 пайызға өскен. 390,4 миллиард теңге игерілсе, бұл 99,4 пайызды құрайды. Бюджеттің игеру қарқыны бойынша да Жамбыл облысы өңірлер арасында екінші орынға тұрақтаған.
    Кеңеске бейнеконференция режимінде қатысқан аудан әкімдері атқарылған жұмыстар, кемшіліктерді жою шаралары туралы есеп берді.

    Біздің мақсатымыз-экономиканың өсу қарқынын сақтап қалу және жыл қорытындысы бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізу. Қазіргі таңда облысымыз қандай көрсеткіштер бойынша артта қалып отыр, соған назар аудару керек. Тараз қаласы және аудан әкімдеріне, басқарма басшыларына осы бағытта нақты тапсырмалар жүктелді. Өзекті мәселелерді жеке бақылауда ұстап, берілген тапсырмаларды орындау бойынша нақты шаралар қабылдау қажет. Ақшаны игеруге қатысты жоспар міндетті түрде орындалуы тиіс, — деп талап етті облыс әкімі.

    Күн тәртібіндегі келесі мәселе ретінде – өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахауал сараланды.

    Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін жеткізді. 20 қарашадағы мәлімет бойынша Жамбыл облысында коронавируспен ауыратын жалпы 21 214 науқас тіркелген. Облыс бойынша 18 жастан асқан 631300 адам вакцинациялауға жатады. Бүгінгі таңда егу жоспары 92,5 пайызға орындалған.
    Өңір басшысы вакцинациялауды жалғастыруды, білім беру мекемлерінде санитарлық талаптардың сақталуын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

    Жиын соңында Бердібек Сапарбаев ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық барысы бойынша жауаптыларға нақты міндеттер жүктеді.

    қатысты посттар

    Шымкентте пневмониядан 23 адам қайтыс болды

    Фариза

    «Бурное солар» — болашағы зор кешен

    Қызылорда облысында коронавирустық инфекциямен күреске 30 ұйым тартылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fourteen + seventeen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.