-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Адамға атылады» Торғай өңірінде ауырған малдарда құтыру белгілері пайда болды

    Қостанай облысындағы Жангелдин ауданының шаруалары дабыл қағып отыр. Сиырлардың қандай ауру жұқтырғанын ветеринарлар да тап басып айта алмаған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Express Qazaqstan порталына сілтеме жасап.

    Көкалат ауылындағы «Нұр» шаруа қожалығының өкілі Нұрсұлтан Садық үш-төрт күн бұрын мал дәрігерлерін шақыртқанын айтады. Сиырларда белгісіз ауру барын олар да растапты.

    ©Нұрсұлтан САДЫҚ
    ©Нұрсұлтан САДЫҚ

    Ветеринарлар журналистерді шақырамыз деген соң келіп кетті. «Малыңыз ауырып тұр» дейді. Оны өзіміз де білеміз. Басқа ешқандай әрекет жасаған жоқ. Ертең егетінін айтты,

    —дейді Нұрсұлтан.

    © Нұрсұлтан САДЫҚ
    © Нұрсұлтан САДЫҚ

    Шаруа қожалығындағы ауырған малдарда құтыру белгілері бар. Адамға атылатын көрінеді. Сосын үш-төрт күн аяғын баса алмай, аузынан су ағып, өліп қалады.

    Бүгінге дейін 5 сиыр өлді. Тағы төртеуі ауырып қалды. Бір-екі шығын болса ештеңе демес едім, басқаларына жұғып жатыр. Алдымыздағы 300 бас қырылып қала ма деп алаңдаймыз,

    — дейді ол.

    Тұрғындар арасында ауруды стоматит деп жатқандар кездеседі. Бірақ Нұрсұлтан оған сенбей отыр.

    © Нұрсұлтан САДЫҚ
    © Нұрсұлтан САДЫҚ

    Стоматит болса, мал оттамай қояр еді. Біздің сиырлардан ондай байқамадым,

    —дейді шаруа.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында туризм саласында 16 жоба іске асырылады

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова праймериз үміткерлеріне өз таңдауын жасады

    Фариза

    «Ақшасын еселеймін деп миллионынан айырылды» Алданған тұрғындар шағымдануда

    Пікір қалдыру

    17 + seven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.