-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Бекшин жаңа жылдық корпоративке тыйым салды

    Алматыда жаңа жылдық корпоративтік кештер ұйымдастыруға тыйым салынды. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Жандарбек Бекшин дәмханалар мен мейрамхана иелерін көп адамдық банкеттерге тапсырыс алмауға шақырды.

    – Менің жауабым ең алдымен кәсіпкерлерге бағытталады. Болды, ешқандай ұжымдық той-жиын өтпейді. Коронавирустың таралуы жалғасуда, ондай жағдайда корпоративтік кештер керек емес. Жағдай нашарласа, локдаунға қайта оралуымыз да мүмкін, деді Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

    Қазір Алматы «жасыл» аймақта тұр. Келесі аптаның басында карантин жеңілдетіледі. Сол кезде қоғамдық тамақтану орындарына түнгі 3-ке дейін, ал Ashyq жобасының лидерлеріне таңғы 5-ке дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Орындарды 70%-ға дейін толтыруға рұқсат берілуі мүмкін.

    Сонымен қатар, Алматыдағы кейбір ұжымдар мен мекеме қызметкерлері қазірден-ақ жаңа жылдық корпоративтің қамына кірісіп, кемінде 15 мыңнан ақша жинап жатқандары да бар.

    қатысты посттар

    Бекболат Тілеуханов Түркияда қазақтардың басын қосып, ауызашар берді

    Фариза

    Ыстық суға күйіп қалған 8 айлық нәресте ауруханада көз жұмды

    Алматыда 45 мың ит пен мысыққа чип салынады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.