4 C
Алматы
Понедельник, 25 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазақстанда жылу бағасы қымбаттады

    Қазақстанда 2021 жылу 7%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі LS порталына сілтеме жасап.

    Осы жылдың қазан айында осы қызметтің орташа тарифі Гкал үшін 3,5 мың теңгені құрады. Бұл 2020 жылдың қазан айымен салыстырғанда 6,7%-ға көп. Ең үлкен өсім Ақтөбеде тіркелді – онда жылу 25%-ға, бір Гкал үшін 3,2 мың теңгеге дейін қымбаттады. Сондай-ақ, бағаның айтарлықтай өсуі Көкшетауда байқалды – 11,1%-ға. Мұндай деректер ұлттық статистика бюросында келтірілді. 

    Сонымен қатар, Шымкент пен Өскеменде тарифтер өзгерген жоқ, ал Түркістанда 38,8%-ға, 2,8 мың теңгеге дейін төмендеді.

    Сондай-ақ, жылу құны Қостанайда – 11%-ға, 4,2 мың теңгеге дейін, Алматыда – 4,1%-ға, 4,8 мың теңгеге дейін және Павлодарда – 0,6%-ға, 2,4 мың теңгеге дейін арзандады.

    Ең қымбат баға Атырау мен Шымкентте – бір Гкал үшін 5 мың теңгеден астам. Көкшетауда ең арзан жылу –1,8 мың теңге.

    Сонымен қатар, табиғи монополияларды реттеу комитетінде тариф 60%-ға отын (газ, көмір, мазут) құнына байланысты екеніне назар аударылды. Егер солтүстікте бұл қызметтің негізі көмір болса, оңтүстігінде – мазут және табиғи газ. Сондай-ақ, бағаның өзгеруіне электр энергиясының, материалдар мен шикізаттың қымбаттауы, бөгде ұйымдардың тауарлары мен қызметтерінің құнының артуы, жылу желілерінің ұзындығы және басқалары әсер етеді.

    Ағымдағы жылы жылумен жабдықтау саласында өңірлердегі табиғи монополиялар субъектілері тарапынан бірқатар орындалмаған міндеттемелер анықталды. Осыған байланысты аталған облыстар мен қалаларда қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, 6,6 млрд теңгеге уақытша өтемдік тарифтер бекітілді. Барлығы 103 табиғи монополия субъектісі бар. Бұл сол аймақтардың тұрғындары үшін тарифтерді сақтауға мүмкіндік берді.

    «Шымкентте және Солтүстік Қазақстан облысында (Петропавл) тарифтер екі жыл бұрынғы деңгейде қалып отыр. Бұдан басқа, бірнеше қалада тарифтер 2019 жылға қарағанда төмен: Талдықорғанда – 7,75%, Қостанайда – 12,77%, Қызылордада – 14,47%. Нәтижесінде халық үшін жылумен жабдықтау қызметтеріне тарифтердің өсуі орташа есеппен 10,54%- ға, өзге тұтынушылар үшін 1,04%-ға төмендеді. Басқаша айтқанда, тарифтер бұл көрсеткіштерге қарағанда жоғары болуы мүмкін», — деп атап өтті табиғи монополияларды реттеу комитетiнде.

    қатысты посттар

    Сырдария ауданындағы «Жылыжай» жобасын инвесторлар жүзеге асырмақ

    Фариза

    3 тамыздан бастап салондар, шаштараздар, ойын-сауық орталықтары жұмысын бастайды

    Фариза

    Қызылордалық кәсіпкерлер биыл айналым қаражатына 5 млрд. теңгеге жуық қаражат алған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    16 + 12 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.