23.9 C
Алматы
Воскресенье, 27 июля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Жұтпен күреске бөлінген бюджеттің 700 миллион теңгесі әлі игерілмеген

    Маңғыстаулық шаруалар малдарын жаппай сойып сатуға мәжбүр.

    Маңғыстау облысындағы жұт шаруаларды тығырыққа тіреді. Мал бағып отырған азаматтар ауылдың айналасы өлексеге толды деп дабыл қағып отыр. Жем-шөптің жоқтығынан биыл мал көтерем, деп хабарлады 31 арнаның Qazweek.kz ақпарат агенттігі Информбюро ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап.

    Арна тілшілеріне хабарласқан маңғыстаулық шаруалар  малдарын жаппай союға мәжбүр болып отырғанын айтқан.

    «Маңғыстау шаруаларының жағдайы ушығып бара жатыр. Оған себеп – қуаңшылық, жерде шөптің болмауы. Малымыз топырақ жеп, әр жерде өлексе саны көбейді. Қазіргі таңда малымыздың басын аман-есен ұстап отырмыз. Бірақ, жем-шөптің бағасы қымбат», – деді шаруа Әбді-Уәли Игібай.

    Шаруалардың кейбірі кейбірі үкіметтен берілетін бір реттік көмекті толықтай алмаған. Олар санаулы малға да жем тауып берудің өзі ауырлап кеткенін айтса, өңір басшылығы базалар жасақталып, қыстық мал азығы дайын тұрғанын мәлімдеді. Дегенмен, үкіметтен бір реттік көмекке бөлінген 1 миллиард 900 миллион теңге қаражаттың әлі 700 миллион теңгесі игерілмеген. Өйткені, бірдейлендіру базасына тіркелмеген малға қаражат берілмейді.

    «Тіркелмей қалған малдарды тіркеуге 10 тамыздан 10 қазанға дейін уақыт беріліп, бүгінгі таңда 71 мың 343 мал басы тағы тіркелді. Оның 67 мыңы – аналық бас. Соларға қаражат бөлуге үкіметке хат берілді», – деді Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Айсағали Нұғманов.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысының әкімі медицина қызметкерлерімен онлайн кездесу өткізді

    Фариза

    Қызылордалықтар кермек судың орнына тіршіліктің таза нәрін тататын болды

    Фариза

    «СУСЫН» ҮШІН СОТТАЛЫП КЕТЕ ЖАЗДАҒАНБЫЗ немесе ана тіліміздің дамуына кедергі кімдер?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.