4 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Алматы облысында әйел адам баласын 16 жерінен пышақтаған

    Алматы облысының Өтеген батыр ауылында анасы баласын өлтірмек болды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Бұл оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды.

    Бірнеше пышақ жарақаты бар он жастағы бала 3 қараша күні түстен кейін ауруханаға түсті. Фельдшер жарақатты баланың анасы салғанын айтты. Бала 16 жерінен пышақталған, тіпті тамағы да кесілген, — делінген @angry_taldyk хабарламасында.

    Баланы шұғыл түрде операциялық блокқа апарды.

    Дәрігерлер бригадасы: хирургтар мен анестезиолог-реаниматолог операцияға кірісті. Сондай-ақ, баланың травматикалық және геморрагиялық шок алғаны анықталды.

    Кейінірек баланың анасы соңғы үш күнде біртүрлі мінез байқатқаны белгілі болды. Ол өзін Tik-Tok кейіпкерлері өлтіргісі келетінін айтыпты. Ал ұлы оған ойынға қатысушылардың бірі болып көрінген. Қайта әйел 7 жасар қызына шабуыл жасамаған, — деп қосты автор.

    Облыс полициясы күдіктінің ұсталғанын және полиция бөлімінде екенін мәлімдеді.

    Оған қатысты сот-психиатриялық сараптама тағайындалды, бұлтартпау шарасын таңдалып, оны психологиялық диспансерге жатқызу мәселесі қарастырылуда. Заттай айғақтар мен қылмыс құралы – пышақ тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысында істің барлық мән-жайы анықталады, деп толықтырды баспасөз қызметі.

    қатысты посттар

    Танымал тележүргізуші Бейсен Құранбек қайтыс болды

    Фариза

    Қазақстанда 1 сәуірден бастап тегін медициналық көмек тоқтатылмақ

    Шымкенттегі 17 жастағы жасөспірімнің өлімі бойынша бес күдікті қамауға алынды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 + 15 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.