-5.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Б. Сапарбаев: Жамбылда 25 елді мекеннің әлеуметтік картасы жасалған

    Жамбыл облысында 87 этнос өкілдері 25 елді мекенде тығыз шоғырланған. Ол ауылдардың әлеуметтік картасы жасалып, жауапты қызметкерлер белгіленген. Этно картада әлеуметтік мәселелер және оның шешу жолдары қарастырылған. Бұл туралы Таразда өткен «Қазіргі кезеңдегі этносаралық келісім: тәжірибе мен алдағы міндеттер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев айтты.

    Аталған жиынға 200-ден аса этносаралық қатынастар және конфликтология саласындағы Ресей, Украина, Израиль, Болгария, Өзбекстан мемлекеттерінен келген және отандық сарапшылар, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Жоғарғы Соттың, Ұлттық экономика, Ішкі істер, Білім және ғылым министрліктерінің, философия, саясаттану және дінтану институттарының өкілдері қатысты.

    «Халық – топтастырушы, біріктіруші, күш тіл. Мемлекеттік тіл – Қазақстан азаматының парызы, міндеті. Облыста мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі – 91,9%, басқа ұлт өкілі – 66,4%-ға жетті. Облыста этномәдени бірлестіктердің саны тұрақты түрде өсуде. Олардың саны бүгінгі таңда 75-ке жетті»,-деді шараның салтанатында Б. Сапарбаев.

    Сондай-ақ, аймақ басшысы тек ағымдағы жылы этномәдени бірлестіктердің демеушілері мен өнер меценаттарының қолдауымен 16 мыңнан астам адамға 130,5 миллион теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілгенін тілге тиек етті.
    «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес қолға алынған «Бейбітшілік пен келісім» пилоттық жобасы толеранттылықты нығайтуда айрықша маңызға ие болды. Жоба аясында жыл басынан бері 145 елді мекенде кездесулер өтіп, тұрғындарды алаңдататын негізгі мәселелер анықталды. Оларды шешу үшін арнайы Жол картасы әзірленді»,-деді облыс әкімі.

    Сонымен қатар Б. Сапарбаев былтыр бір ғана Қордай ауданындағы әлеуметтік мәселелерді шешуге 35 млрд. теңге қаражат бағытталғанын жеткізді. Бүгінде қордайлықтардың көгілдір отынмен қамтылу көрсеткіші 95 пайызды, ал таза ауыз сумен қамтылуы 88 пайызды құрайды.

    Бүгінде облыстық Қоғамдық келісім кеңестерінің 143 мүшесі бар, олар 63 этностың өкілдері. Есепті мерзімде Қоғамдық келісім кеңестеріне 749 өтініш келіп түсті, 442 өтініш шешімін тапты, 307-ы орындалу үстінде. 2021 жылдың 9 айында облыс Қазақстан Халқы Ассамблеясы медиаторларына 837 азамат жүгінді, оның ішінде 569 жанжал мен даулы жағдайлар шешілді.

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: САУДА НЫСАНДАРЫНДА КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҰДАЙЫ НАЗАРДА

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ ОСЫ ЖЫЛЫ 104 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

    Фариза

    Шымкентте байланыс антенналарын орнататын 11 жер телімі анықталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.