1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жемқорлық

    Алматыда университет жерін заңсыз сатқан шенділер ұсталды

    Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 9 гектар жерін жымқыру ісі бойынша бірнеше шенеунік ұсталды, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    «Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бұрынғы қызметкерін, Қарасай аудандық «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының жер және жер кадастры бөлімі мен Қарасай аудандық әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшыларын университеттің Кемертоған аулында орналасқан 9 гектар жер учаскесі түріндегі меншігін жымқырды деген күдікпен ұстады», — деді ведомство өкілдері. 

    Университеттің жер телімі заңсыз түрде бірнеше учаскеге бөлініп, ұсталғандар арасында жалған құжатпен үлестірілген, кейін оны біреу заң жолымен сатып алған.

    «Осы тұлғалар 2021 жылдың қаңтарында қылмыс іздерін жасыру және жер учаскесін университет балансына жалған жолмен қайтару мақсатында мемлекеттің жер қорынан құқық белгілейтін құжаттарсыз Көлді аулында, санитарлық аймақта орналасқан және жекеменшікке беруге жатпайтын жер учаскесін заңсыз бөлген», — делінген хабарламада.

    Бүгінгі таңда барлық күдіктіге сот санкциясымен бұлтартпау шарасы таңдалғаны хабарланды.

    Тергеу жалғасып жатыр, жасалған қылмысқа қатысы бар басқа адамдарды анықтау мақсатында қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

    қатысты посттар

    Елжан Біртанов: «Бостандықта жүрсем, елге көбірек пайдам тиер еді»

    Фариза

    Пандора құжаттары: Назарбаевтың бейресми әйелі құпия келісімнен 30 млн доллар тапқан

    Фариза

    Astana LRT ісі бойынша сотталғандар аштық жариялады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    14 − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.