-4.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылдық шаруалар ауылшаруашылық техникаларын тиімді шарттармен жаңартуда

    «Tradе-in» ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту жобасы аясында жамбылдық шаруаларға 13 жаңа трактор берілді.
    Айта кетейік, өткен жылы Жамбыл облысы елімізде алғаш рет осы бағытта «Tradе-in» әдісін қолға алған болатын. «Тараз» ӘКК» ҰК» АҚ мен «АгромашХолдинг KZ» АҚ арасында жасалған меморандум аясында іске қосылған жоба жамбылдық аграршыларға ескі ауыл шаруашылығы техникаларын өткізіп, оның құнын шегере отырып, жаңасын лизингке алуға мүмкіндік береді.

    Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды стратегиялық бағыт болып табылады. Ауыл шаруашылығының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жаңа технологияларды енгізу, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қажет. «Tradе-in» жобасының арқасында шаруалар техникаларын тиімді шарттармен жаңартуға мүмкіндік алып отыр. Біздің өңірде 18812 шаруа қожалығы тіркелген, 12 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы бар. Біздің мақсатымыз – мемлекеттік қолдауды пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы техникаларын кезең-кезеңімен жаңарту. Ағымдағы жылы техниканы 10 пайызға жаңарту жоспарланған. Жыл басынан бері 1054 бірлік сатып алынып, қазіргі таңда 8,6 пайызға жаңартылды. Жаңа техниканың көмегімен шаруалар еңбек өнімділігін арттырып, жұмыстарды жылдам әрі сапалы орындай алады, — деп атап өтті Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

    Бұл күні Жамбыл, Талас, Сарысу, Меркі, Байзақ, Т.Рысқұлов аудандарының шаруалары ескі техникаларының орнына «LOVOL» маркалы 12 жаңа тракторға ие болды. Олардың қатарында лизингке жаңа трактор алған «Жуалы-2020» ауыл шаруашылығы кооперативінің төрағасы да бар.

    «Trade-in» жобасы бойынша шаруа жаңа техника құнының 25 пайызы мөлшерінде субсидия алады. Қалған қаржысы бес жылға жылдық 6 пайызбен лизингке беріледі.

    Әрбір шаруаның ауылшаруашылық техникасын өз күшімен жаңартуға мүмкіндігі жоқ. Ескі тракторды жүргізгеніме 10 жылдан асты. Бүгін мен мемлекеттің қолдауының арқасында қозғалуға ыңғайлы заманауи тракторға қол жеткізіп отырмын, — дейді «Төлеген тегі» шаруа қожалығының төрағасы Иса Төлегенов.

    Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірдегі 1 мыңнан астам трактордың пайдалану мерзімі 10 жылдан асады, яғни 25 пайызы тозған. Ал 10 жылға дейінгі тракторлардың саны – 1534 немесе 34 пайызды құрайды.

    Осы күні «Жастар» аллеясында Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесін ұйымдастырды. Жыл басынан бері 7 техника, 10 МТЗ-952 тракторы, 9 тіркеме, 9 соқа, 10 тұқым сепкіш сатып алынған. Барлығы 217 миллион теңге жұмсалған.

    қатысты посттар

    ТАРАЗДА «АБАЙДАН АМАНАТ» АТТЫ ОНЛАЙН КОНЦЕРТ ӨТТІ

    Фариза

    Шымкенттегі агро-индустриалды аймақтағы 30 га жерге жылыжай кешені салынады

    Фариза

    Қызылорда облысының күріш өсірушілері күріш өнімділігі бойынша жаңа рекорд орнатты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty + 16 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.