4 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жемқорлық

    Мұғалімдерді санақ жұмыстарына тартқандар жазаланады – Асхат Аймағамбетов

    Мұғалімдерді санақ жұмыстарына тартқандар тиісті жазасын алады. Бұл туралы Үкіметте өткен онлайн баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі, Azattyq ruhu порталына сілтеме жасап.

    Министр санақ жүргізу мен басқа да мәселелер мұғалімге тән емес жұмыс болғаннан кейін, ондай тапсырма беруге ешкімнің құқығы жоқ екенін айтты. Сондықтан бұл мәселеге қатысты расталатын фактілер болса, онда жауаптылар заң жүзінде тиісті жазасын алады.

    «Педагогтарды өзіне тиеселі емес жұмыстарға тартқаны үшін біраз директорлар жұмысынан босатылды, біраз әріптестерімізге тиісті шара қолдандық. Егер осындай фактілер шын мәнінде болып, олар расталып, бізге тиісті ақпарат келсе, онда қатаң шара қолданылады», — деді ведомство басшысы.

    Ведомство басшысының айтуынша, «Педагогтар мәртебесі туралы» заңға сәйкес, тиісті айыппұл ескерілген.

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    «Пәтер алып беремін»: түркістандықтарды 15 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды

    Фариза

    Жыл басынан бері вакцина паспортын сату мен ПТР-тестті қолдан жасауға қатысты 65 қылмыстық іс қозғалған – ІІМ

    Фариза

    Елжан Біртанов: «Бостандықта жүрсем, елге көбірек пайдам тиер еді»

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve − eleven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.