1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жемқорлық

    Astana LRT ісі бойынша сотталғандар аштық жариялады

    Astana LRT ісі бойынша сотталғандар аштық жариялады. Олар апелляциялық сатыдағы істі қарау отырысына қосуды талап етіп жатыр, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агшеттігі, Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    Сотталғандардың бәрі елордадағы ЕЦ 166/1 жазасын өтеу мекемесінде отыр.

    Ал аштықты 8 жылға бас бостандығынан айырылған Ұлықбек Ачилов жексенбі күні бастап кеткен.

    Ачилов колония басшысы мен Бас прокуратураға және сотқа жолдаған хабарламасында апелляция шағымын қарау барысын онлайн-трансляция арқылы көрсетуді талап еткен. Сотталушы сотқа тікелей қатысып, өз ойын айту мүмкіндігін сұрапты. Ұлықбек Ачилов кезінде Astana LRT-ның қосалқы мердігері «НурТрейд» серіктестігінің директоры болған. 8 жылға бас бостандығынан айырылған мердігердің өкілі Тимур Қасабаев, 7 жылға түрмеге отырған Astana Инновейшенстің бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Әшім де аштық жариялап жатыр.

    Ал экс-депутат әрі Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының бұрынғы хатшысы, 8 жылға сотталған Жанат Нұрпейісов аштықтан денсаулығына байланысты бас тартыпты.

    Бұған дейін апелляциялық шағымды қарау кезінде Талғат Әшімнің адвокаты клиентінің жүрек талмасы ұстағанын хабарлаған. Аштық жариялағандардың бәрі дәрігерлердің бақылауында.

    «Мекеме әкімшілігіне, оның ішінде іс материалдарымен танысуға қатысты еш наразылық жоқ. «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы» ҚР Заңының 41-бабының талаптарына сәйкес, мекеме басшылығы себебін анықтау, сондай-ақ қылмыстық істі жүргізіп жатқан органды, Нұр-сСлтан қаласының прокуратурасын хабардар ету жөніндегі шараларды қабылдады», — деді Нұр-Сұлтан қаласы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметімен байланыс жөніндегі маманы Ақтоты Бекенова.

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    Алматыда университет жерін заңсыз сатқан шенділер ұсталды

    Фариза

    Кеденде 165 миллиард теңгенің заңбұзушылығы анықталды — Бас прокуратура

    Фариза

    СҚО-да 6 млн теңгеден сыйақы алған әкімдік қызметкерлерінің әрекеті әшкере болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.