-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Денесінен белгісіз құрттар шығып жатыр»: Ақтаудағы шипажайда паразит жұқтырған отбасын дәрігерлер емдей алмауда

    Павлодарлық Анна Пахомова маусым айының басында мүгедек қызымен бірге Ақтаудағы «Шипагер-Шағала» шипажайына мүгедектерге арналған әлеуметтік қызмет порталы арқылы демалуға барып келген соң, жантүршігерлік жағдайға тап болған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    AMP

    Демалыстан үйге келгеннен кейін үш апта өткенде Анна мен қызының денесінің әр жерінен көк қанаттары бар қара құрттар мен қандалаға ұқсас құрттар, ақ паразиттер шыға бастаған. Содан бері үш ай өтсе де, павлодарлық дәрігерлер қызы мен анасын емдей алмай отыр. Амалы құрыған Анна бар үміті тек журналистерде екенін айтып, тұтқаның ар жағында сөйлей алмай, көз жасына ерік берді.  

    «Ақтауға барып келгенімізге үш ай өтті, содан бергі өмірім тозаққа айналды. Шипажайда болған кезде мен балконда жатқан қарлығаштардың өлі денесін көрдім. Тазалыққа жауап беретін жұмысшылар оларды үнемі жинап тұратын, бірақ мен оларға айтарлықтай көңіл бөлмеген едім. Қызым Арина атрогрипоз –тірек-қимыл жүйесінің туа біткен ауруымен ауырады. Қызымның табанына бұған дейін 8 ота жасалған. Осы жылдың басында коронавируспен ауырдық. Соның бәрін қалпына келтіріп, күш жинаймыз дегенде мына бір бәлеге тап болдық. Шипажайда жүргенде денемізде қызыл бөрткен пайда болған, бірақ ол қатты ыстықтан шығар деп ойладым. Үйімізге қайтып бара жатқанда, басқа демалушылардың бірі «ауру жұқтырғанын» айтып, ренжіп жатқанын құлағым шалып қалды. Содан әкімші келіп «Үстілеріңіз қышып жатқан жоқ па?» деп сұрады, мен «жоқ» дедім. Үйге келгеннен кейін бөрткен бүкіл денемізге тарап, даққа айналып, кейіннен құрттар шыға бастады»,-деді Анна.

    AMP

    Анна мен Аринаның денелерінде жәндіктер пайда болғаннан бастап бармаған дәрігерлері қалмаған. Ең сорақысы — дәрігерлер Аннаның сөздерін «жындының сандырағы» деп қабылдап, оны псиодиспансерге тексерілуге жіберген. Бірақ психиатрлар әйелдің дерматозойдты сандыраққа шалдықпағанын және ақыл-есінің толықтай сау екенін айтқан.

    «Ең алдымен терапевтке бардық, ол тері маманына жіберді. Ол жерде бізге болтушка, жақпа майы, супрастин мен сорбент, иммунитетті көтеретін дәрілер тағайындап берді. Үш апта ішінде ол дәрілердің ешқайсысынан пайда болмады. Сосын қалада белгісіз бір жұқпа жүріп жатқан болар деп өз бетімізше Жұқпалы аурулар ауруханасына бардық. Ол жердегілер бізді стерильдікке қан тапсыру үшін поликлиникаға жіберді. Қан талдауын күткенше денемізден ірі жәндіктер шыға бастады. Мен оларды банкіге жинап, СЭС-ке апардым. Ондағылар олар білетін паразиттер табылмағанын, біздікін қорытынды бойынша көрсете алмайтындарын айтты. Поликлиника меңгерушісі «СЭС көмектесе алмаса, бізден еш пайда жоқ» деді. Зоодүкеннен жәндіктерге арналған сусабын алып, тәулігіне екі-үш рет жуынамыз. Бастапқыда жәндіктер ірі және көп болды. Қазір олардың көлемі кішірейген және сандары да азайып қалды. Бірақ денемізде жыбырлап жүреді. Үнемі қолғаппен жүреміз. Киімдеріміздің бәрін қайнаттық, үйдегі жиһаздың бәрін лақтырдық, төсегімізді тамаққа арналған пленкамен орап, жамылғыштың бәрін ыстық суда қайнатып, күн сайын үтіктеп жатамыз. Не жұмысыма бара алмаймын. Диагнозымызды ешкім қоя алмай отыр. Ресейлік дәрігерлердің пошталарына да хат жазып, көмек сұрап жатырмын»,- деді Анна Пахомова.

    AMP

    Пахомовтардан кейін аталған шипажайда тағы бір павлодарлық отбасы демалып келген. Олар да қазіргі таңда зоодүкеннен алған сусабынмен жуынуға мәжбүр. Аннаның оқиғасын чатта оқығаннан соң, Алена Емельяновтардың терісінің астынан жәндіктер шыға бастаған.

    «Тері диспансер мамандарымен консилиум өткізілді, енді телемедицинаны күтіп отырмыз. Телемедицина өткеннен кейін, мамандар ем-дом шараларын тағайындай отырып осында қалдыра ма, Алматыға жібере ма өздері шешеді»,-деді баспасөз хатшысы.

    Ал Ақтау қалалық СЭС басшысы Әсима Жұмабайқызы «Шипагер-Шағала» шипажайының жұмысы жалғасып жатқанын айтты.

    «Аталған паразиттердің Ақтаудағы шипажайда жұққанына қатысты нақты дәлелдер жоқ. Сол себепті біз ол мекемеге ешқандай іс-шара қолдана алмаймыз. Олардан басқа жүздеген адам сол шипажайда демалған, бірақ ешкім күні бүгінге дейін шағымданбады», — деді ол.  

    Фото: из открытых источников

    қатысты посттар

    «Жастық челленджін» жалғастырған Алматы Полиция департаменті басшысының орынбасарының ісіне қатысты тексеріс басталды

    Фариза

    Видеоға қару ұстап түскен жігіттің өткен өмірі жайлы маңызды ақпарат пайда болды

    Фариза

    Ақтөбеде 16 жастағы оқушы анасын өлтірді деген күдікке ілінді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen + 18 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.