-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Зейнеткер өз ұлын балғамен ұрып өлтірді

    Отбасылық жанжалдан соң зейнеткер өз ұлын балғамен ұрып мерт қылды.

    Ақпаратты облыстық ІІД баспасөз қызметі растады.

    «Отбасылық ұрыс-керістен соң зейнеткер баласын бірнеше рет балғамен басынан ұрған. Мұнан соң ол өзін-өзі тоқтатып, аталған ісіне өкінген. Туған баласының қорлығына шыдамаған әкесі балғамен ұлының басына бірнеше соққы жұмсады. Ауыр дене жарақаты салдарынан ұлы оқиға орнында көз жұмды», -деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

    Аталған факт бойынша ҚР ҚК 102-бабымен сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

    Құқық қорғаушылардың айтуынша, балаларға зәбір көрсету дерегі азаймай тұр

    Елде жастар және жасөспірімдер ісімен айналысатын 18 мемлекеттік мекеме бар. Үкіметтік емес ұйымдар да жеткілікті. Алайда, отбасында зорлық-зомбылық көретін әйел мен бала  тиісті деңгейде қорғалмай отыр. Әсіресе, карантин кезінде тұрмыстық қылмыс бірнеше есеге өскен.

    Тұрмыстық зорлық-зомбылық – өркениет өрісіне тұсау


    Жалпы, ел бойынша жыл басынан бері полицияға отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты 130 мыңнан астам шағым түскен. Оның 3 мыңға жуығында қылмыстық іс қозғалған. 30 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Құқыққорғаушылардың айтуынша, шағымданған әйелдердің көбі арызын кері қайтарып алады. Таяқ жесе де, төзіп үйренгендер күйеуін кешіруге дайын тұрады. Ал ата-ананың арасындағы ұрыс-керіс зардабы балаға тиеді.

    Ста­тис­тика бойынша Қазақстанда отбасындағы зорлық-зомбылық сипа­тындағы қылмыстардың 90 пайызға жуығы әйел адамдарға қатыс­ты жасалады, егде адамдар мен ба­лалар зорлық-зомбылық әрекет­терге тап болатын жағдай­лар да аз емес. Сондықтан да бас­ты мақсат тұрғындардың сана-сезімін өзгерту­дің жаңа жолдарын іздестіру, осы проб­лемаға деген көзқарасты өзгерту болып табылады.

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    Қазақстандықтар наурызда неше күн демалады?

    Былтыр Қазақстанда кәмелетке толмаған 900 қыз тұрмысқа шығып кеткен

    Фариза

    Елордада көпқабатты үйдің кіреберісінен ер адамның мәйіті табылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.