7 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Саясат

    ҰҚК Мәсімовке қатысты тергеу ісін аяқтады

    Қазір күдіктілерді іс материалдарымен таныстыру жұмысы жүріп жатыр

    ҰҚК бұрынғы басшылығы К.Қ. Мәсімовке, А.Т. Садықұловқа, Д.Е. Ерғожинге, М.С. Өсіповке және лауазымды адамдар Д.М. Акиповке, Н.К. Бекмұратқа, А.А. қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Бұл туралы Azattyq Ruhy комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    • Мәсімовтің және Садықұловтың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық жасау), 179-бабы 3-бөлігі (билікті күшпен басып алу) және 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану)
    • Ерғожин ҚК 179-бабы 3-бөлігі (билікті күшпен басып алу) және 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану);
    • Өсіпов ҚК 362-бабы 3-бөлігі бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану);
    • Акипов және Бекмұрат ҚК 362-бабы 1-бөлігі бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) сараланды.

    Қазіргі уақытта күдіктілерді іс материалдарымен таныстыру жүргізіліп жатыр.

    Іс материалдарымен танысу кезеңіне қамауда ұстау мерзімі Мәсімов пен Садықұловқа ү.ж. 6 қазанға дейін, Ерғожинге ү.ж. 13 қазанға және Өсіповке ү.ж. 22 қазанға дейін ұзартылды.

    Айта кетсек, 6 қаңтарда ҚР ҰҚК мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады (ҚР ҚК 175 – бабы, 1-бөлігі). Осыған байланысты Кәрім Мәсімов пен басқа да адамдар ұсталып, УҰИ-ға қамалды.

    Сәуір айының соңында Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР ҰҚК-ның бұрынғы төрағасының немере ағасы Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовке қатысты сотқа дейінгі тергеуді қолға алғаны белгілі болды. Оған артынша іздеу жарияланып, шекара қызметі қолға түсірген болатын.

    қатысты посттар

    Бір топ әйел боксшы Ермахан Ибраимовтан көп балалы аналар жайлы айтқанын түсіндіруді талап етті

    Фариза

    «Любители халявных денег!» Неліктен қазіргі қоғам еңбексіз «келетін» жеңіл ақшаға жүгіреді?

    Фариза

    БҚО-да «10 жастағы оқушының зорланғанын жасырды» деп айыпталған директор 3 жылға сотталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 − 13 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.