27 C
Алматы
Сенбі, 2 Шілде 2022
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Қызылордада жасөспірімдер 1-сынып оқушысын бір жыл бойы зорлаған

    Қызылордада 12-14 жас аралығындағы жасөспірімдер 1-сынып оқушысын бір жыл бойы зорлаған.

    Не Молчи қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі қайғылы оқиға туралы баланың анасынан білген.

    «Ол ойнауға үйден шыққан кезде оны жоғары сынып оқушылары қараусыз қалған ғимаратқа апарып, сол жерде әдепсіз әрекеттер жасауға мәжбүрлеген. Бұл басқа мектептердің балалары еді, ол барлығын аты-жөні мен қайда тұратынын білетін» деді Таңсәрі Facebook парақшасында.

    Ата-аналар бірден ол балалардың әке-шешелеріне барды. Бір бала барлық ата-ананың көзінше бірден мойындады. Артынша полицияға арыз түскен. Балалардың жасы кіші болғандықтан жазаға тартылмайтыны хабарланды. Енді олардың ата-аналары жазаланады.

    Қызылорда облысының полицейлері зорлық-зомбылық фактісін растады.

    ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

    Қылмыстық іс департамент басшылығының бақылауында.

    Бәрін інісі айтты

    Orda.kz зардап шеккен баланың анасымен байланысқа шығып, мән-жайды анықтап көруге тырысты.

    «Қызылорда облысы Тасбөгет кентінде тұрамыз. Бірақ балам басқа жерде лицейде оқиды. Мен оны қалада лицейге айына 55 мың теңге төлеп оқытамын. Бұл балам – тұңғышым. Артында 6 жасар және 4 жасар інісі бар.

    Сенбі, жексенбі күндері далаға ойнауға шыққанда ауыл балалары оны алдап, салынып бітпеген үйлерге апарып, арам ойларын жүзеге асырған.

    Мен бұрын соңды ол балаларды көрген емеспін. Білетінім олар 7-сынып, 8-сынып, 9-сынып бітіріп жатқан оқушылар. Барлығы осындағы көршілердің балалары» дейді ашынған ана Orda.kz тілшісіне.

    Оның айтуынша, ол жантүршігерлік оқиға туралы жақында баланың інісінен білген. Бірден арыз жазған.

    Істі тезірек жапқысы келеді

    «Мен мұның бәрін 6-сы күні білдім. Бірден арыз жаздым. 7-сі күні тергеушіге хабарлассам, олар «әкімшілік іс қозғап, айыппұл ғана саламыз, балалар кәмелет жасқа толмаған» деп, ісімді қысқартып тастап отыр. Қолыма сондай шешімді де берді. Тек қана әке-шешесіне айыппұл салынады.

    Балалардың өзі бәрін мойындап тұр. Ата-аналары кешірім сұрады. «Керегіңді береміз» деп ақша ұсынғандай болды. Олар «баланың еміне көмектесеміз» деді. Мен бірақ кешірім бермедім, маған ешқандай ақша керек емес. Тек заң жүзінде сөйлесеміз дедім ол кісілерге.

    Мен екінші алдыңғы арызым бойынша қозғалған іспен келіспеймін деп, арыз жаздым. Оны қабылдады. Олар болса, қайтадан 140-бап 2 тармақ бойынша әкімшілік іс қозғап отыр. Мен онымен келіспеймін. Негізінен 121,122,123-баптардың бірі бойынша іс қозғалу керек. Мен Қызылорданың барлық органдарының есігін қағып болдым. «Іс жүріп жатыр» деп, сөзіме еш мән бермейді. Менің тергеушілердің жұмысына көңілім толмайды. Мына жерде ата-аналар мен балалар бәрін мойындап, кешірім сұрап отыр. Алайда тергеушілер оларды ол ойларынан айнытып жатыр. Олар істі тезірек жабуға ниетті» дейді зардап шеккен баланың анасы.

    Анасының айтуынша, бала әбден қорқып қалған. Жұма күні сот сараптамасына барған кезде бала киімін шешкенде аяқ-қолы дірілдеп, ал оны тексергенде шыдамай жылап жіберген.  

    «Бұл жағдай бір жыл бойы болған. Баланы әбден үркітіп, қорқытып тастаған. Мен одан жайлап сұрағанда. Ол «үш бала мама-папаңа айтсаң, оларды өлтіріп тастаймыз» деп қорқытқанын айтты. Оның өзінде мен бұл жағдайды басқа баланың інісінен естідім» дейді зардап шеккен баланың анасы.

    Оның айтуынша, ауыл мектебінің директоры бірінші күні келіп кеткен. Бірақ онымен кездесе алмаған. Екінші күні мектеп завучы келіп, «қазақылыққа салынып, істі жылы жабайық» деген.

    Қазіргі таңда балаға өзінің лицейі психолог тағайындап беріп, лагерьге тегін жолдама берген.

    «Менің барлық есікті қағып жатқан себебім, мен сияқты ата-аналар мұндай жағдайға тап болмаса екен деймін» дейді баланың анасы.

    Зардап шеккен баланың отбасы тез арада ауылдан қалаға көшуге ниетті.

    Дереккөз: Orda.kz

    Похожие записи

    Атырауда жоғалып кеткен 1,5 жасар бала өлі күйінде табылды

    Фариза

    Қарияны самокатпен ұрған әйел жұрттың ашуына тиді

    Фариза

    Алматыда заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшін бір ХҚО іске қосылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.