20 C
Алматы
Дүйсенбі, 4 Шілде 2022
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Жан Ахмадиев Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне кім кінәлі екенін айтты

    Қазақстандық рэпер Жан Ахмадиев қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбаевты өлтіруге тапсырма берген экс-президенттің қызы Дариға Назарбаева екенін айтты.

    Оның айтуынша, Дариғаның тапсырмасын дәлелдейтін нақты фактілер бар.

    «2004 жылы бұрынғы ақпарат министрі, оппозиционер Алтынбек Сәрсенбаев ағамыз «бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарын басып алып, мемлекеттік қазынадан мақсатсыз қаржы алып жатыр» деп айыптап, Дариға Назарбаеваны сотқа берген болатын. Осы процестен кейін көп ұзамай, 2006 жылы Алтынбек ағамызды бәзбіреулер қаланың сыртына апарып, атып тастайды» дейді Жан Ахмадиев.

    Ахмадиев Виктор Храпуновтың сұхбатына сілтеме жасап, төмендегідей мысал келтіреді:

    Парламенттегі отырыстардың бірінде Алтынбек Сәрсенбаев Дариға Назарбаеваға қарап:

    – Мен сенің телеарналарды қалай жекешелендіріп алғаныңды жақсы білемін. Қолымда дәлелім де бар. Жақында бұл құжаттарды елге жария қылмақпын. Сонда маған не істей аласың?– деді. Дариға орнынан атып тұрып:

    – Ей, Алтынбек, көп ұзамай сені өлтіретін адам табылып қалар! – дегені әлі есімде. Аузымыз ашылып қалған еді сол кезде.

    Дариға Назарбаевамен етене араласқан Адонис Дербас деген канадалық кәсіпкер дастархан басында Дариға Назарбаева, Рахат Әлиев және басқа да бірнеше адам әңгіме дүкен құрып отырған кезде, Әлиевтің: «Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіру керек!» деген сөзін Адонис Дербас өз құлағымен естіген.

    Дереккөз: Orda.kz

    Похожие записи

    Болашақ емес балл керек: Бүгін ұйықтап отырған студенттер ертең адамның өмірін қалай құтқарады?!

    Фариза

    Қызылорда облысында агроөнеркәсіптік кешен аясында өнім өндіру көлемі артады

    Фариза

    Жауынгерлік әзірлікті жіті меңгерген және антына адал болған сарбаздарды алғыс хатпен марапатталды

    Пікір қалдыру

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.