5 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Былтыр Қазақстанда кәмелетке толмаған 900 қыз тұрмысқа шығып кеткен

    2021 жылы Қазақстанда 140,3 мың жұп шаңырақ көтерген. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 8,9%-ға көп. Қалалық жерлерде неке қиғандар саны бір жылда бірден 12%-ға өсіп, 99,4 мыңға жетті, ал ауылдарда небәрі 1,9%-ға көтеріліп, 40,8 мыңға жеткен, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

    Некеге тұрған ер азаматтардың 113,2 мыңы бұрын некеде болмаған, 25,5 мыңы – бұрын ажырасқан, 1,7 мыңы – жесір қалғандар. Әйелдердің 115,6 мыңы бұрын некеде болмаған, 22,4 мыңы – ажырасқан, 1,9 мыңы – жесір қалған.

    «Өңірлік тұрғыдан қарастырғанда, некенің көпшілігі Алматыда тіркелген: 18,8 мың – бір жыл бұрынғыдан 18,8%-ға көп.

    Үздік үштікке сонымен қатар халқы тығыз орналасқан Алматы облысы (14 мың, плюс жылына 7,9%) және Түркістан облысы (13,9 мың, плюс 3,2%) кірді. Ал Солтүстік Қазақстан облысында ең аз көрсеткіш: небәрі 3,5 мың неке тіркелген, дегенмен бұл 2020 жылмен салыстырғанда 19,9 пайызға көп көрсеткіш», – делінген ақпаратта.

    Некеде тұрған 140,3 мың ерлі-зайыптының 117,9 мыңы – моноұлтты, 22,4 мыңы – әртүрлі ұлттың өкілдері.

    Елімізде ұлты жағынан қазақтар, орыстар, өзбектер, украиндар және ұйғырлар жиі некеге тұрды. Қазақтар, орыстар және өзбектер көбінесе өз ұлтының өкілдерімен некеге тұрған, ал украиндар арасында жағдай біршама басқаша: 319 адам өз ұлтының, 2 мың адам басқа ұлт өкілдерімен некеге тұрған.

    «2021 жылы ең көп неке қиылған ай шілде болды. Шілдеде 14,1 мың неке тіркелген. Бұл бір жыл бұрынғыдан 1,1%-ға көп көрсеткіш. Жастар тамыз және наурыз айларын да неке қиюға қолайлы уақыт деп таңдаған. Ал қыстың екі айы – қаңтар мен ақпанда, сонымен қатар мамырда неке қиюшылар саны тым аз тіркелген», – делінген статистикада.

    Бірінші некеге тұрған ерлердің орташа жасы 2021 жылы 27,9 жасты, әйелдердің жасы 25,2 жасты құраған, 2020 жылы сәйкесінше, 27,5 және 24,8 жас болған.

    «Кәмелетке толмағандар арасында 57 бозбала (бір жыл бұрын 72 жасөспірім болған) және 862 қыз (бір жыл бұрын 919 қыз болған) неке қиды. Некеге тұратын кәмелетке толмаған қыздардың саны сол жастағы ұлдардың санынан айтарлықтай 15,1 есеге артты», – делінген хабарламада.

    29 жасқа дейінгі жастар арасында некеге тұрған ерлердің саны 2,2%-ға, яғни 88,6 мыңға, қыздар саны 3,3%-ға, яғни 102,3 мыңға дейін артты.

    30-дан 54-ке дейінгі некеге тұрған ерлер саны әйелдер санынан 36,9%-ға артық болды: 34,9 мың әйел және 47,8 мың ер адам неке қиды.

    55 жастан асқан аға буын арасында 3,8 мың ер адам, 2,2 мың әйел шаңырақ көтерген.

    қатысты посттар

    Оралда педофил деп айыпталған күдікті тергеушіге пара бермек болған

    Фариза

    Шымкенттік шенеунік әйелдер туралы жазбасынан кейін қызметінен кетті

    Фариза

    Қазақстанның жас өнерпазы Ресейдің танымал әншілерін аузына қаратты (видео)

    Пікір қалдыру

    fifteen − eleven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.