10 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды

    Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли “Хабар” агенттігі” АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    “Берік Уәли “Хабар” агенттігі” АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы қызметін атқарған”, – делінген агенттіктің баспасөз хабарламасында.

    Берік Уәли 1977 жылы туған. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын “Кинотанушы” мамандығы бойынша, сондай-ақ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің “Журналистика” мамандығы бойынша магистратурасын және Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін “Құқықтану” мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын “Таң” телекомпаниясы ақпараттық бағдарламасының корреспонденті болып бастаған, “НТК” телеарнасының шығарушы редакторы, “31-арнада” жауапты және бас редактор, “Хабар” агенттігінің ақпараттық бағдарламаларының редакторы-жетекші, Qazaqstan телеарнасының “1-студия” ток-шоуының жүргізушісі, “Нұр Медиа” Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталығының басшысы болып жұмыс істеді. Баспасөз қызметінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, “Нұр Отан” партиясы төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі, “Нұр Медиа” ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы, министрдің кеңесшісі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры, Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

    2019 жылғы наурызда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды. “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

    қатысты посттар

    Қазақстандықтарды тағы бір банк атынан алдап жатыр

    Фариза

    Kaspi.kz өкілдері мобильді төлемдерге қатысты сұрақтарға жауап берді

    Фариза

    900 мыңға жуық адамға 42 500 теңге көлемінде төлем тағайындалды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    11 + five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.