10 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Тоқаев Жолдауында қаңтар оқиғасына қатысты тергеу қорытындылары туралы айтады

    Тоқаев Жолдауында қаңтар оқиғасына қатысты тергеу қорытындылары туралы айтады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    “Мемлекет басшысы қаңтар оқиғасы бойынша алдын ала тергеу жұмыстарының қорытындыларын наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында жариялайтынын жоспарлап отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan телеарнасына берген кешегі сұхбатында айтқанындай, халықтан ештеңені жасырып қалмайды. Барлық ақпарат жария етіледі. Қазір тиісті органдар ауқымды тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұған біраз уақыт керек”, – деп жазды Берік Уәли Facebook желісінде.

    Президент сұхбат барысында айтқандай, қоғамдағы ең маңызды мәселе – заң үстемдігі, деді ол.

    “Дәл осы құқықтық принцип негізінде қаңтар оқиғасы барысында ұсталған азаматтардың жауапкершілік мәселесі шешіледі. Олардың басым көпшілігінің жазасы жеңілдетілгені мәлім. Жүздеген адам тергеу изоляторынан босатылды. Қамаудағы азаматтардың құқықтарын қорғау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне байланысты да тексеру жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар ауыр қылмыс (кісі өлтіру, тонау, қарақшылық және т.б.) жасағандар заңға сәйкес жазаға тартылады”, – дейді ол.

    Оның айтуынша, Президент наурыздың ортасында жасайтын Жолдауында саяси реформалар бойынша өз бағдарламасын ұсынады.

    “Сондай-ақ Мемлекет басшысының кешегі сұхбаты көрермен қауымның зор қызығушылығын туғызғанын атап өткім келеді. Бұл еліміздің ақпарат кеңістігіндегі маңызды тақырыпқа айналып үлгерді деп айтуға болады. Оған әлемнің жетекші агенттіктері белсенді түрде сілтеме жасап жатыр. Қасым-Жомарт Кемелұлы қатты суық тигізіп алғанына қарамастан, берген уәдесінде тұрды. Президент отандастарымыздың аталған мәселеге ерекше алаңдап отырғанын ескеріп, ұлттық телеарнаның тілшісіне беретін сұхбатын кейінге шегермеді”, – деді ол.

    қатысты посттар

    Қызылорда: Қала күніне орай ұйымдастырылған жәрмеңкеге 1,5 мың тонна өнім әкелінеді

    Фариза

    Дәрігерлер өлдіге санаған 18 жастағы бала тіріліп кетті

    Қызылордада 14 елді мекенге талшықты-оптикалық кабелі апарылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three + eight =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.