10 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Досаев Алматыдағы 19 нысанның құрылысын тоқтатты

    Алматы әкімі Ерболат Досаев 19 құрылыс нысандарындағы барлық жұмысты тоқтатты, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Алматы әкімдігі мәліметінше, 2019 жылғы 29 қазанда Президент Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қалада нүктелі құрылысқа тыйым салынғанына қарамастан, бұл тапсырманы бұзу жағдайлары анықталды.

    Осыған байланысты, қаланың жаңа әкімі Ерболат Досаев 19 нысанда барлық жұмыс түрін – оның ішінде “Самал-3” шағынауданындағы учаскеде және Достық даңғылы бойындағы Акушерлік және гинекология орталығы ауданындағы учаскеде құрылысты тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған. Бұған дейін жергілікті тұрғындар осы құрылысқа қатысты наразылық білдірген болатын.

    Айта кетейік, 2020 жылдың күзінде алматылықтар “Самал-3” шағынауданындағы жалғыз саябақ аймағындағы тұрғын үй кешені құрылысына шағымданған болатын. 

    қатысты посттар

    Алексей Цой қанша жалақы алатынын айтты

    Фариза

    Атшабарды көшіру – заман талабы

    Фариза

    Арал ауданы: Жақсықылыш кенті табиғи газға қосылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.