4 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    ІІМ: “Сотталған адамдар шешіммен келіспесе, прокуратураға жүгінсін”

    Қаңтар айында болған жаппай тәртіпсіздіктер барысында полиция күштері мен әскери қызметшілер елде құқықтық тәртіпті орнату бойынша ауқымды операциялар жүргізді.

    Соның нәтижесінде соттардың шешімімен адамдар тергеу қапастарына қамалды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

    Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораздың айтуынша, жаппай тәртіпсіздік барысындағы қылмыстар үшін қылмыстық атқару жүйесі мекемелеріне 731 адам жеткізілген. Қазір олардың 20-сы сот пен прокуратура органдарының шешімімен босатылды. Біреулері үйқамақта отыр. Басқалары ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып берген.

    Қазіргі уақытта тергеу қапастарында 711 адам бар. Олардың барлығы сот шешімімен ұсталады. Сондықтан сот шығарған үкіммен келіспеген жағдайда азаматтар прокуратура органдарына заңдылықты қадағалау тәртібі бойынша жүгіне алады,

    — деді Нұрділдә Ораз.

    Оның айтуынша, қоғамдық бақылау комиссиясының кез келген өкілі қылмыстық атқару жүйесінің барлық мекемесіне кедергісіз кіре алады. Бұл ретте сотталғандардың адвокаттарды да өз қорғаушыларына емін-еркін кіріп, туған-туыстары оларға сәлемдемелерін әдеттегі режимде бере алады.

    Бұған дейін Алматыда тәртіпсіздік кезінде ұсталғандарды іздеу үшін call-орталық іске қосылғаны туралы айтылған еді.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында құс тұмауы тіркелген жоқ

    Фариза

    Қонаев қаласындағы  казинолар жұмысын жалғастыра ма

    Фариза

    Қызылорда қаласында спорт мектептеріне балалар ақысыз қабылданады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    6 + 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.