16 C
Алматы
Жексенбі, 14 Тамыз 2022
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Дене шынықтыру кезінде өзін жайсыз сезінген оқушы ауруханада қайтыс болды

    Шымкентте дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернатының 7-сынып оқушысы қайтыс болды. Қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның мәліметінше, жеткіншек дене шынықтыру сабағында өзін жайсыз сезінген, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Express Qazaqstan порталына сілтеме жасап.

    2009 жылы дүниеге келген оқушы Елнұр Бозжан 19 қараша күні сабақ уақытынды өзін нашар сезінген. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі дереу мектеп дәрігеріне хабар беріпті. Дәрігер баланы қараған соң жедел жәрдем шақырған. Мектеп директорының айтуынша, оқушының ата-анасына хабар берілген.

    Жеткіншек бірден жансақтау бөліміне жатқызылған. Алайда түнде ол аурухана төсегінде жатып көз жұмды.

    Дәрігерлер Елнұр Бозжан “жедел жүрек-өкпе жетіспеушілігі” диагнозынан қайтыс болғанын айтты. Біз баланың ата-анасы мен туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Бұл біз үшін қайғылы ауыр жағдай,

    —дейді Жанат Тәжиева.

    “Жасөспірім қалалық клиникалық балалар ауруханасына аса ауыр халде жеткізілді. Мектеп қызметкерлерінің айтуынша, ол дене шынықтыру сабағы кезінде жағдайы нашарлап, аяғынан тұра алмай қалған. Оған жіті өкпе-жүрек жетіспеушілігі, өкпенің ісінуі, мидың ісінуі және жүрек бұлшық етінің кеңеюі диагнозы қойылды. Жансақтау бөлімінде балаға шұғыл ренимациялық көмек көрсетілді. Бірақ оқушы сағат 16.30-да көз жұмды”, — дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Нахыпқызы.

    Басқармадағылар оқушыға ата-анасының қарсы болуына байланысты коронавирусқа қарсы вакцина салынбағанын айтты.

    Похожие записи

    “Анам мені босана сала жетімдер үйіне қалдырып кеткен”: Отандық кәсіпкер балалық шағынан алған сабақтары туралы

    Фариза

    Өндірісті автоматтандыру жалғасуда

    Түркістанда да Назарбаев даңғылы пайда болды

    Пікір қалдыру

    9 − 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.