7 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    9-қабаттан секірген Бақтыгүлдің туыстары: Күйеуінің ойнасы бар

    Үш баласымен терезеден секіріп өлген Бақтыгүл Қыдырбаеваның туыстары келіншектің өліміне күйеуі Нұрсұлтанды кінәлап отыр. Айтуларынша, марқұмның жолдасы казино ойнап, басқа әйелдің артынан кеткен, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Express Qazaqstan порталына сілтеме жасап.

    Алматыда 9 қабаттан балаларымен бірге секіріп кеткен Бақтыгүл Қыдырбаеваны бүгін туыстары жер қойнына тапсырды. Суицид жасаған келіншектің өліміне олар күйеу баланы кінәлап отыр.

    © ЭК
    © ЭК

    Айтуларынша, Нұрсұлтан әйелінің көзіне шөп салып, басқа келіншектің артынан кеткен. Алматыдағы университеттердің бірінде оқытушы болып істейтін келіншек марқұмның күйеуінен жүкті деген әңгіме де бар.

    «Ол бала казино, карта ойнайтын бала. Ол жігіттің ойнасы бар. Соның кесірінен Бақтыгүл екеуі арасында жанжал болып тұрған. Қыз бен балаларының түбіне осы әңгіме жетсе керек. Қыз біреулер айтқандай ауру емес. Ол өте ақылды қыз болған. Туыстарда жиын-той болса Бақтыгүл сол жерді басқарып жүретін. Ол отбасы қаржылық қиындық көрген жоқ», — дейді Оразгүл Мырзабекова.

    Көңілдесі Нұрсұлтаннан бірнеше жас үлкен әрі ауқатты көрінеді. Мұны да қаралы жиынға келген марқұмның туыстары айтып қалды.

    Бақтыгүл Қыдырбаеваның туыстары марқұм келіншекті тек жақсы жағынан еске алады. Олар шиеттей үш бала мен келіншектің өліміне қатысты тергеу жүргізіліп, ақиқат айтылса дейді.

    қатысты посттар

    Павлодарда әскери қызметкер қайтыс болды

    Фариза

    Рудныйдағы балалар үйінің психологына оқушыны зорлады деген айып тағылды

    Фариза

    Ухань қаласындағы қазақстандық студенттер эвакуацияланбайды – СІМ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    6 + 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.