7 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылда жылыту маусымына дайындық қызу жүруде

    Жамбыл облысында жылыту маусымына дайындық іс-шаралар жоспары кестеге сәйкес атқарылып, облыстық штабтың тұрақты бақылауында. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппаратық кеңесте айтылды.

    Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев сөз алып, әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына дайындығы туралы баяндады.

    Нысандардың дайындық барысын зерделеу мақсатында штабтың мүшелерімен 2 жұмыс тобы құрылған.

    Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің қаулысымен Жылыту маусымына дайындық жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау үшін жергілікті штаб құрылған. Жауапты және штаб төрағасы ретінде аудан әкімдерінің салалық орынбасарлары бекітілген.
    Бүгінгі күнге облыс бойынша 340 шақырым жылу желілері, 5 700 шақырым газ желілері, 13 400 шақырым электр желілері мен 5 300 шақырым ауыз су желілерінде дайындық жұмыстары толық аяқталды. Жалпы 387 денсаулық сақтау және 466 мәдениет саласы нысандары жылыту маусымына дайын, ал 782 білім нысанының 5-де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде,- деді Қ. Қорғанбаев.

    Ал, облыстағы 444 автономды қазандықтың дайындығы 98 пайыз құрайды десек, қалған 2 пайыз бойынша жылу қазандықтарын табиғи газға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде екен.

    Қаржы қарастыру кезінде былтырғы кемшіліктер ескерілу керек. Әсіресе, бұл отынның сапасы мен бағасына қатысты. Әлеуметтік нысандар толығымен дайын болуы тиіс. Қажетті қатты отынның қорын қалыптастырыңыздар. Көпқабатты үйлер де барынша дайын болуы керек. Мектептердің бу қазандықтарын толығымен ауданның меншігіне өткізуді, газға ауыстыруды тездетіңіздер. Дебиторлық қарыздарды өтеу бойынша да тиісті шаралар қабылдаңыздар. Бұл мәселелерді апта сайын саралап отырыңыздар. 10 қазанға дейін жылыту маусымына 100 пайыз дайындықты қамтамасыз етуді тапсырамын,- деп түйіндеді облыс әкімі.

    Сондай-ақ, жиында коронавирусқа қарсы вакцинациялау жұмыстары барысы қаралды.

    Өңірімізде індет жұқтырғандардың көрсеткіші күн санап азайып келеді. Коронавирусқа қарсы тұрудың ең тиімді жолы – вакцинация. Біз әлі де болса жағдайда жақсарта түсу үшін барлық мүмкіндіктерімізді пайдалана отырып, қарқынды жұмыстарды жалғастыра түсу керекпіз,-деді аймақ басшысы.

    Бұдан соң денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев баяндама жасап, ағымдағы ахуалға жан-жақты тоқталып өтті. Оның айтуынша, жұқтырғандар азайып, жазылғандар көрсеткіші артуда. Соған сәйкес, инфекциялық төсек-орын саны 3500-ден 2284-ке дейін қысқарған.

    Облыс әкімі вакцинамен қамтылуы деңгейі төмен қала, аудан басшылықтарының, сондай-ақ, бірқатар емханалардың жұмысын сынға алып, жауаптырын тыңдады. Әсіресе, ауылдық округтер бұл мәселеге айрықша атсалысу қажеттігін атап өткен өңір басшысы қыркүйек айының соңына дейін екпе бойынша жоспарды толығымен орындауды тапсырды.

    қатысты посттар

    Шымкентте емханаға тіркелу науқаны басталды

    Фариза

    Шымкентте коронавирустан тағы бір адам көз жұмды

    Фариза

    В ШЫМКЕНТЕ ЗАПУЩЕНО ПРЕДПРИЯТИЕ ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ОТХОДОВ СВИНЦОВОГО ЗАВОДА

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 + eighteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.